ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

Үш мүгедегі бар отбасы пәтер жалдап жүр

17:31, 22 қараша 2017

Благодар ауылдық округінің Пригородный ауылында үш мүгедек бір үйде тұрып жатыр. Жалдап отырған пәтерлерінде ешқандай жағдай жоқ. Кезекте тұрса да, баспана мәселесінің жақын күндері шешілмейтіндігін біледі. Алайда, үміт үзбейді. Жомарт жандар көмектесіп, көпшілік қол ұшын созады деген сенімде. Гүлбағда Қайратқызы отбасыға барып, жағдайларын біліп қайтты.

Манас Құрмағанбетов - бірінші топ мүгедегі. Суық тиіп, қан тамырларының тарылуы ауруына шалдыққан. 2006 жылы сол аяғынан, 2013 жылы оң аяғынан айырылады. Тағдырдың қатал сынына ұшыраған Манас әйелі Венерамен екі мүгедек баланы тәрбиелеп отыр. 5 жылдан бері 25 мыңға жалдап отырған пәтер науқас адамдардың жүріп-тұруына қолайсыз дейді.

Құрмағанбетовтер балаларының денсаулығы үшін Әйтеке би ауданынан көшіп келген. Үй кезегіне мүгедек ретінде тек 23 жастағы баласы Мейрамбек қана тұрды. Ол полиартриттің асқыну салдарынан ергежейлі болып қалған. Отбасы мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отыр. Бар проблема өз үйлерінің жоқтығында ғана. Жомарт жандар қол ұшын созып, баспана мәселесін шешуге көмектессе  деп мұңын шақты отағасы.

Бір үйлі жанның баспана мәселесі туралы жауапты мамандар былай дейді.

Мүгедек жанның отбасы қазір Благодар ауылдық округіне қарасты Пригородный елдімекенінде тұрады. Жалдамалы пәтері Студент көшесі нөмірі 12 корпус 1-де орналасқан.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...