ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

Үшқатты ауылында клуб ашылды

13:57, 8 желтоқсан 2017

Әйтеке би ауданының Үшқатты ауылдық округінде жаңа клуб пайдалануға берілді. Ғимараттың тұсаукесер рәсімін атап өткен тұрғындарды аудан басшылығы құттықтады. Мәдениет ошағының ашылуын көптен күткен жұртшылық концерттік бағдарламаға қатысып, қуаныштарымен бөлісті.

Бұл клубтың ашылуын Үшқатты тұрғындары көп күтті. Олар аудан әкімінен ауыл клубын ашуды осыған дейін сұраған болатын. Аудан басшысы уәдесінде тұрып, ауыл тұрғындарының тілегі орындалды. Қараусыз қаңырап тұрған ескі ғимаратты жөндеуге қаржы бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарын "Эконс және К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Салтанатты рәсімге арнайы келген құрылыс компаниясының басшысы Үшқатты тұрғындарын құттықтады.

Мәдениет ошағының жаңарғанын көрген ауыл тұрғындары разы болды. Жаңа орындықтар, кең ғимарат. Мұнда енді концерттер, спорттық шаралар өтеді. Үйірмелер жұмыс істейді. Ауылдың бүгінгі тірлігі - болашаққа бағдар береді деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Мәлімбет Ибрашев

Ауылдағы мәдениет ошағының ашылуы үлкен мерекеге ұласты. Үшқаттының өнерпаздары концерттік бағдарлама әзірлеген. Ел, Отан, туған жер тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалды.

Ұлағат Арғынұлы 

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
20:12, 13 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...