ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС

17:31, 21 маусым 2019

Біз Ақтөбе облысында еңбек етіп жүрген түрлі мамандық иелерінің өмір жолын, қызметін, еңбеккерлігін көрерменге үлгі етіп, таныстыруды жалғастырып келеміз. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз саналы ғұмырын білім саласына арнаған адам.  Айбайша айтсақ, ұстаздық етуден жалықпаған Сайлаубике Байғазина 40 жылдан бері бар білгенін балаға үйретіп келеді. 

Ол - тарыдай боп келіп, таудай тұлға болған талай түлекке әліпби үйретіп, көптің алғысын алған ұстаз. Мұғалім болу - ең әуелі жауапкершілік. Бұл Сайлаубике Сағынғалиқызының білім саласындағы қырық жылда түйген ойы.

Кейіпкеріміз әуелде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болуды армандаған. Кейін үлкендердің бағыттауымен бастауыш сынып мұғалімі болды. Қара сөзге жақындығы ма екен, ол әлі күнге дейін қолынан қаламын тастамайды. Бос уақытында өлең жазып, шығармашылықпен айналысады.

Ұстаздықтың ұлы жолы - баласын сеніп тапсырып, аманаттап кеткен ата-ананың үміт ақтаудан басталады,-дейді ол. Білім саласында қымзетін енді бастаған жас мамандарға Сайлаубике Сағынғалиқызының айтар кеңесі де бар.

 Қазір қаладағы №51 гимназияда Сайлаубике Сағынғалиқызы сияқты 32 бастауыш маман бар.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
20:21, 13 қараша 2019
ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
19:19, 13 қараша 2019
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21:04, 7 қараша 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"- МҮГЕДЕК ЖАСТАР МЕН КӘСІБИ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
21:03, 7 қараша 2019
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"- МҮГЕДЕК ЖАСТАР МЕН КӘСІБИ ӘНШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...