ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт

16:50, 12 қаңтар 2018

Жоғары білікті дәрігер Болат Женалаев 70 жаста. Ол жыл сайын 200 сәбиге операция жасап, талай шаңыраққа шаттық сыйлаған үздік маман. Профессордың мерейлі жасына арнап республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Балалар денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Болат Женалаев профессор, медицина ғылымдарының докторы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі. 50 жылдық тәжірибесінде мыңдаған операция жасады. Оның тұрақты пациенттері - балалар. Медицина саласындағы жеткен жетістіктері үшін Пирогов атындағы медальмен марапатталды. 2015 жылы республика бойынша "Үздік дәрігер" номинациясын алды. Тәжірибелі хирургтің еңбегі әріптестеріне үлгі.  

ВЛАДИМИР  КОТЛОБОВСКИЙ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

- Профессор Болат Женалаевтың есімі аталғанда оны көпшілік бүкіл өмірін балалар денсаулығына арнаған жан деп таниды. Олай деуі де бекер емес.  Тәжірибелі хирургтен үйренеріміз көп. Бүгін дәрігердің құрметіне өткізілген конференцияға өз елімізден бөлек шет ел профессорлары арнайы келді. Балалар денсаулығын жақсарту жөнінде бірігіп талқыладық 

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Бұл мәселе Елбасы жолдауындағы басым бағыттардың бірі. Президент маңызды құжатта өмір сүру ұзақтығын арттырып, өлім деңгейін төмендетуді міндеттеді. Балалар мен жастар денсаулығын қорғап, оны нығайтуға ерекше көңіл бөлді.

Жергілікті дәрігерлер күрделі оталарды болашақта цифрлық технология арқылы жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл - жолдау жүктеген жаңа міндет. 

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...