ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

21:20, 22 мамыр 2020

  "Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісіне" байқау жарияланды. Республикалық  додаға мемлекеттік қызмет тетігін ұстаған, кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар азаматтар қатысады алады. Сондай-ақ үміткердің әкімшілік және тәртіптік жазалары болмауы шарт.  Алдымен конкурстың өңірлік кезеңі өтеді.  Басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және журналистерден құрылған арнайы комиссия онлайн режимінде қатысушылардың білімі мен біліктігін сынайды. Айта кетейік, аталған конкурс биыл 4-ші рет өткізілгелі отыр. 2017 жылы байқауда бағын сынап, үздіктердің қатарынан көрінгендердің бірі- Нұргүл Бертілеуова.  Өңірлік кезеңнің жеңімпазы, республикалық сыннан сүрінбей өтіп, Елбасының арнайы қабылдауында болды.  Еңбек жолын мектепте ұстаздықтан бастаған ол облыстық тілдер басқармасында бас маман болып қызмет етті. Бүгінгі таңда  білім басқармасы басшысының орынбасары. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 28 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...