ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

16:42, 22 тамыз 2019

Ойыл ауданынның үздік спортшылары марапатталды. Дүбірлі додаларда облыстың намысын, елдің көк туын желбіреткен чемпиондардың бапкерлері де назардан тыс қалмады. Осы саланы дамыту мақсатында ауданда құны 8 млн теңге болатын шағын футбол алаңдары жасақталған. Сондай-ақ, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Воркаут» алаңдары салынған. Шарада аудан әкімі үздік спортшыларға алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады.

Спортшылар күні марапат алған жастардың қатарында Бекзат та бар. 18 жастағы Ойылдық өрен Алматыда өткен самбо күресінен жас кадеттер арасындағы ҚР чемпионатында топ жарған. 48 келі салмақ бойынша белдескен жас палуанның алғашқы ұстазы Тимур Қалниязов. Ал қазіргі бапкері Ағаділ Убаевпен Өзбекстан астанасында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Бекзаттың арманы асқақ, мақсаты айқын. Жеткен жеңісіме малданбай, бұдан да зор биіктен көрінгім келеді,-дейді ол.Биыл ауданда аталған сала бойынша жетістік мол. Балалардың да дене шынықтыруға қызығушылығы да бұрынғыға қарағанда артқан. Нәтиже де жоқ емес.

ӘБІЛХАН ӘЖНИЯЗОВ /АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Ақшатау орта мектебінде бапкері Мінсізбаев деген бапкер бар. Биыл 2018-2019 оқы жылында шәкірті 8 сынып оуқышысы Ерубаева деген спортшы белбеу күресінен Қазақстан чемпионы атанды. Бұдан өзге қыз балаларымыз қола жүлдегер атанды. Сол сияқты Саға мектебінде жеке бапкері Шуақ Базарбаев та жақсы нәтижеге жетті.

Ауданда соңғы жылдары ұлттық спорт түрлеріне жиі көңіл бөлініп, мерекелерде «Көкпар», «Теңге алу», «Аударыспақ»  жиі ұйымдастырылады. Әсіресе, көкпардан көкжардың намысын қорғап, жүлделі орындардан көрінген командалар да бар.

АЙБАТ ҮСЕНҒАЛИЕВ /КӨКПАРШЫ

Біздікі Қаракемер-көкжар командасы. Аудан бойынша 1 орынды бермей келе жатырмыз.  Осы спортты былтырдан бастап дамытып жатырмыз. Ең бастысы мұнда бізге арқа сүйеп ойнап жатқан жастар. былтырдан бері жақсы ойындар өтіп жатыр. 22 наурыз, 9 мамырда Ойыл ауданы атынан Атырауда 3 орын алып келдік.

Осы жартыжылдықта ауылдық округтерде жастар арасында аудандық спартакиада өткізіліп, оған 300-ге жуық жас спортшылар қатысқан. Бұдан бөлек,  8 жерге мектеп жанынан хоккей корты жасақталған.   Осындай көңіл қуантарлық жаңалықтармен бөліскен аудан әкімі республикалық, халықаралық байрақты бәсекелерде топ жарып, елдің мерейін асқақтатқан чемпиондарды марапаттады.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
20:45, 23 қазан 2019
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
Толығырақ...
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...