ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

V ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР АЯҚТАЛДЫ

17:25, 18 қыркүйек 2019

5-ші паралимпиадалық жазғы ойындарға еліміздің  барлық аймағынан  800-ге жуық спортшы келді. Ойындар  спорттың 6 түрінен өтіп, мықтылар анықталды. Ақтөбе облысының құрамасы жалпы командалық есепте 9-шы орынға орнықты, 18 алтын, 10 күміс, 16 қола медалды жеңіп алды. Парлампиадалық ойындарға 17 команда қатысты, олар нысананы көздеп ату, паралимпиадалық дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, валейбол мен пауэрлифтингтен өзара сынға түсті. Жарыс қорытындысында жүлделі үш орынды Қарағанды мен Алматы облыстарының спортшылары жеңіп алды. Айта кетейік, паралимпиадалық ойындар 4 жылда бір рет өтетін байрақты бәсеке. 24 жастағы  екі аяғы жоқ атлет  Руфат Хабибуллин  6 ойынның спринттен  жеңімпазы. Енді жас спортшы паралимпиадалық ойындар бойынша әлем чемпионатына қатысады. Жарыс биыл қараша айында Дубай қаласында өтеді, сонымен бірге Руфат 2020-шы жылы Токиода өтетін паралимпиадалық ойындарға жолдама ұтып алды. 

РУФАТ ХАБИБУЛЛИН  /СПОРТШЫ
-100, 200 метрге жүгірдім және найза лақтырудан жарыстым. Қиындау болды, өйткені, қарсыластарым мықты болды. Ұзақ уақыттан бері айнасылып жүргендіктен, жеңдім. Жеңіске жетуіме командам қолдау көрсетті. Әрі ойынға тыңғылықты дайындалдым. ​

Ақтөбе облысының құрамасы жалпы командалық есепте 9-шы орынға орнықты, 18 алтын, 10 күміс, 16 қола медальді жеңіп алды. Паралимпиадалық ойындардың жабылу салтанатында  сал ауруына шалдыққан  азаматтарды қолдау орталығының талантты жастары өнерлерін көрсетті.   
Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
20:45, 23 қазан 2019
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
Толығырақ...
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...