ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

18:51, 14 қыркүйек 2020

Ақтөбеліктер тұмауға қарсы екпе ала бастады. Әдетте қазан айында өтетін иммундау шарасы биыл 1 ай бұрын қолға алынды. Өйткені, күз мезгілінде өршитін жедел респираторлы-вирустық инфекция «КОВИД-ке»  ұласып, асқынуы мүмкін деген болжам бар. Дәрігерлер қалай болған күнде де "ең қиын сценарийге дайын болуымыз керек" дегенді айтады. Өңірдегі емханалардың дайындығы қандай? Тұрғындардың вакцинаға көзқарасы өзгерді ме? 
Жыл сайын тұрғындардың 10 пайызы екпе алатын. Биыл бұл межені 40 процентке ұлғайту көзделіп отыр. Мәселен, қаладағы №6 емханаға 35  мыңға жуық тұрғын тіркелген болса, оның шамамен 14 мыңы вакцина алуы тиіс. Зейнеткерлер мен диспансерлік есепте тұрғандарға екпе тегін егіледі. Ақылы вакцинаның құны 1500- теңгеден аспайды дейді дәрігерлер. 
Өңірге Ресейден барлығы 98 мың доза вакцина жеткізіледі. Екпе коронавирустан қорғауға қауқарсыз болар, дегенмен маусымдық тұмаудың алдын алуға ықпалы зор. Оған қоса, жедел-респираторлы вирустық инфекция коронавирусқа ұласып, асқынуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес. 
Екі ай бұрын дертіне ем іздеген халық, осылайша ауырмаудың жолына көшті.  Бірақ, індеттің таралуы медицинаның деңгейіне емес, тікелей адамдардың өз әрекетіне байланысты,- дейді мамандар.  
Айта кетейік, облыста  осы бастан қатерлі инфекцияның кезекті толқынына дайындық жүріп жатыр. 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталып, провизорларда жансақтау бөлімдеріне қосымша медициналық құрылғылар сатып алынуда. Ауруханаларға оттегі қондырғылары орнатылуда. Қысқасы, індет алқымнан алғанда қиналмай, дәрі-дәрмек іздеп сабылмауымыз керек. 

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЕНҒАЛИ ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ
21:00, 2 желтоқсан 2020
ЖИЕНҒАЛИ ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ
21:00, 2 желтоқсан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...