ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН

16:02, 16 мамыр 2019

Өңірде велосипед ұрлығы көбейген. Тіпті, көршісінің екі дөңгелекті көлігін сатып жіберу деректері тіркелген. Жаз басталғалы қалада 30-ға жуық велосипед қолды болған. Осыған орай, Жол полициясы қызметкерлері жалға беру орындарында тексеріс жүргізіп жатыр. Олар тұрғындарды велосипедтерді жеке адамдардан сатып аларда мұқият болуларын ескертеді. Міндетті түрде құжат талап етіп, сәйкестендіру нөмірінің болуына басты назар аудару қажет. Сондай-ақ, велосипедпен жүру кезінде жол-қозғалысы ережесін сақтап, жолдан өту кезінде сақ болуларын ескертеді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар