ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

"WORLDSKILLS-2019"БАЙҚАУЫНА 28 СТУДЕНТ ҚАТЫСАДЫ

15:02, 8 қараша 2019

Жұмысшы мамандықтар арасында өткен Worldskills байқауының іріктеу кезеңі аяқталды. 28 ақтөбелік Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ұлттық чемпионатқа жолдама алды. Бәсекеге 18 бен 22 жас аралығындағы жастар қатысып,  30 кәсіби біліктілік бойынша бақ сынамақ. Worldskills байқауына облыс бойынша 200ге жуық  студент қатысты. Олардың бірі құрылыс саласына машықтанса, енді бірі аспаз. Компьютердің тілін білетін болашақ ай-ти мамандар мен қонақүй әкімшісіне дейін додада бақ сынады. Түрлі мамандық бойынша сайысқа түскен қатысушыларды, сол саланың қыр-сырын меңгерген сарапшылар бағалады. Байқаудың іріктеу кезеңінде топ жарғандар енді 11-15 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ұлттық байқауға аттанады. Мықтылар әлемдік чемпионатта ел намысын қорғайды. Осымен 5-рет ұйымдастырылып отырған чемпионаттың мақсаты-жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу. Дәстүрлі шара аясында түрлі кәсіпорындармен келісімшарттар жасалмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...