ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ

20:34, 15 мамыр 2019

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Ядролық қаруға тыйым салу шартын ратификациялау туралы»  заң жобасын мақұлдады.  Бұл жойқын қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат болмақ. Шарт ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғыны өндіру, сынау, сатып алу, беру, сақтау және өз аумағында орналастыруға тікелей тыйым салады. Айта кетерлігі, Қазақстан - Орталық Азия елдерінің ядродан азат аймақ мүшесі.  Елімізде бұл бағытта кешенді шаралар қолға алынды. 

САПАР АХМЕТОВ /ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

-Біздің еліміз бен атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі арасында Қазақстанда осы атом энергиясы жөнінде халықаралық агенттігінің   төмен байытылған уран банкінің қазіргі кездегі  жай күйі қандай?

ӘСЕТ МАҒАУОВ /ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ

-Іс шаралардың бәрі орындалды, 90 тн уранды сатып алып отыр қазір. Бұл тендорғ,а Қазатомпром қатып, 2 тн-сын Қазатомпром береді. Осы жылдың август айында банкты іске қосу үшін соңғы тексеру өтеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар