ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ YІІ САММИТІ

19:58, 15 қазан 2019

Бүгін түбі бір түркі халықтарының басшылары Бакуде бас қосты.  Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 7-саммиті өтті. Биылғы жиынның жөні бөлек. Бауырмал халықтардың қарым-қатынасын тереңдетуге мүдделі ұйымның құрылғанына - 10 жыл. Бауырластық байланысқа бағытталған кеңесті құру идеясын алғаш Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Елбасының еңселі еңбегі еленіп, бүгін өмір бойы Түркі Кеңесіне құрметті төраға мәртебесі берілді.

АСИМА НҰРБАЙҚЫЗЫ /ТІЛШІ

Түрік ағайындардың араласу, жақындасу дәстүрінің жаңа реңк алғанына биыл тура 10 жыл. 2009 жылдың қазанында тап осы Әзірбайжан елінде қазақтың тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен ынтымақ кеңесі құрылған болатын. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Ұйым туысқан елдерді топтастарды. Қарға тамырлы елдердің қарым-қатынасы тереңдей түсті.

Әй Биылғы жиынның жөні бөлек. Ұйымға мүше мемлекеттердің саны төртеу-тін. Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан. Төртеуі түгел кеңес биыл бестік боп нығайды. Өзбекстан - түркі кеңесінің мүшелігін иеленді.

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Түркі кеңесінің мүшелігіне өту біз үшін зор мәртебе. Мәдени-гуманитарлық саламен қатар сауда-саттықта да бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Соңғы 3 жылда кәсіпкерлікке ерекше ден қойып жатырмыз. Мүше мемлекеттердің осы бағыттағы  байланысын дамытуымыз тиіс.

 

Ал Венгрия тамырлас елдермен етене жақын араласуға бейіл. Биыл күзде Будапеште түркі кеңесінің еуропалық бөлімі ашылды. Кеңеске бақылаушы ел ретінде алғаш қатысып отыр. Түркітілдес мемлекеттердің осы ынтымақтастық кеңесі қазақ президентінің бастамасымен құрылғаны мәлім. Түркі әлемін біріктіруге жасаған қызметі ерен. Мерейтойлық жиында Елбасының еңселі еңбегі ерекше еленді. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі кеңесінің өмір бойы құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ /ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ

Бұл жоғары мәртебе.... Өздеріңіз білесіздер мен Тұңғыш Президент, Елбасы ретінде келіп отырмын. Өткен ширек ғасырдан астам уақытта ТТМБ-ның түрлі құрамдағы 17 кездесуінің бәріне қатысқанымды ерекше атап өткім келеді. Мен үшін түрк сөзінің әрбір әрпі айрықша маңызға ие. Менің  қауымдастық ішіндегі жұмысымның басты мақсаты - елдерімізді жақындастыру болды. 160 миллионға жуық азаматтары бар біздің бауырлас отбасымыздың аясы кеңейіп, қатынасымыз дамып келеді.

 

Он жылда атқарылған жұмыс көлемі ауқымды. 2009 жылы бекіген тарихи құжат қысқа уақытта қыруар шаруаның басын қайырды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ /ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ

Дәл осы қадам қазіргі мерейтойлық межемізге жақсы жетістіктермен жетуімізге мүмкіндік берді. Біріншіден, біз жаһандық тұрғыда да , өз ішімізде де ұйымға сұраныс бар екендігін әрі оның өзектілігін дәлелдей алдық. Екіншіден, кеңестің қатары Өзбекстан мен Мажарстан есебімен толықты. Үш, төрт, бес... келешекте одан да жоғары деңгейге көтерілетін болады.

Былтыр Шолпан-Ата отырысында Елбасы түркі кеңесінің басқару тетігіндегі кемшіліктерді сынға алып, түзетуді айтып еді. Соның нәтижесінде реформалау бағдарламасы әзірленіп, кеңес жанынан Үйлестіру кеңесі құрылды. 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ /ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ

Бүгінде алпауыт державалар арасындағы текетірес пен сенім дағдарысы салдарынан күделі геосаяси ахуал қалыптасып отырғаны баршаға аян. Кейде біздің кеңесімізге мүше елдер арасында да шешуді қажет ететін мәселелер туындап жатады. Әрине мұндай жағдайда біз қол қусырып қарап отырмадық. Осындай сын-тегеуріндерге жауап ретінде Түркі әлемі интеграциясының тұжырымамасын қабылдау жөніндегі және Шолпан Атада мен ұсынған ТЫҮ-ның реформасын атап өтуге болады. Мен осы реформаны жүзеге асыратын Үйлестіру комитетін құру туралы шешімді қолдаймын.

 

Ендігі меже - ағайынды елдер арасындағы арақатынасты жақындастырумен қатар, кеңесті жетілдіруге нық қадам жасау. Түркі болашағының жаңа көкжиегін қалыптастыруға кірісетін уақыттың келгенін айтты Елбасы. Және оны шешудің екі жолын ұсынды.

Біріншіден «Түркі келешегі - 2040» бағдарламасын әзірлеу. Бұл құжатқа түркі тілдес қоғамдастықтың ұзақ мерзімді мақсаттары мен оған қол жеткізу жолдары енгізілуі тиіс. Осылайша біз өз халықтарымызға аталған кезеңдегі түркі интеграциясының түпкі бейнесінің көрінісін ұсынамыз. Сол арқылы - сыртқы саясат және «жұмсақ күш» саясаты, сауда мен транзит, туризм мен инвестиция, энергетика мен «жасыл экономика», шағын және орта бизнес  сияқты елдеріміздің басымдық беретін салаларындағы өзара ықпалдастығына тың серпін береміз. Бағдарламаға мәдениет пен білім беруді, жастар саясаты мен денсаулық сақтауды, цифрландыру мен жасанды интеллектіні де осу қажет. Сондай-ақ қазіргі кезде Қазақстан ғаламат құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан «Түркінің бесігі» саналатын Түркістан қаласын дамытуды да енгізу қажет.

Екіншіден кеңестің атауын  өзгерту мәселесін  қарастыруды ұсынды. 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ /ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ

Біздің тіліміздің, сондай-ақ тарихымыздың, мәдениетіміздің, дүниетанымыз бен салт-дәстүріміздің тамырлары бір. Осының негізінде бүгінгі түркі интеграциясының табысты болуы тек біз үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін де стратегиялық маңызға ие. ХХІ ғасыр осы мүмкіндікті беріп тұр және біз оны толықтай пайдалануымыз қажет. Бұл ретте Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін Ұйым деңгейіне дейін көтеруге болады деп санаймын. Себебі Түркі кеңес өзінің консультативтік мәртебесінен жоғарылап, қазірдің өзінде толыққанды халықаралық институттың сипаттамаларына ие болды. Осылайша біздің құрылымды «Түркітілдес емес түркітектес мемлекеттер ұйымы» деп атауға болады. Түркі тектес  десек...

Түркі мемлекеттерінің іскерлік әлеуетін іргелету керек-ақ. Саммиттің биылғы тақырыбы да - мүше мемлекетттердің шағын және орта кәсіпорындарын қолдауға арналды. Өйткені, бестіктің бәрі үлкен экономикалық әлеуетке ие. Биыл біріккен түркі сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды. Енді тараптар түркі инвестициялық қорын құруға қамданып жатыр. Оның бастапқы капиталы 700 миллион долларға жетеді деп отыр сарапшылар. Бұл елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығына жаңа серпін беруі тиіс. Ал кеңестің тізгіні биыл Қырғызстаннан Әзербайжан тарапына өтті.

АСИМА НҰРБАЙҚЫЗЫ/ ТІЛШІ

Кеңестің келешегіне кезінде күмәнмен қарағандар көп болып еді. Қазір керісінше ауқымы кеңейіп, үлкен ұййымға айналып келе жатқанын көріп отыр. Тамыры бір, тарихы ортақ төрт тудың қатарына биыл бауырлас ел Өзбекстанның да туы қосылды. Бестіктің жалауы бірдей желбіреп, рухани үндесіп тұрғандай. АН ЖЖ Қ Ғалымұлы ҚҰА ПТРК Баку.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:35, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
"NUR  OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
15:52, 9 желтоқсан 2019
"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...