ШҰҒЫЛ! Ақтөбе облысы көш бастап тұр Толығырақ

ЫРҒЫЗ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҚАБАН МЕН КИІК АТҚАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

12:01, 17 ақпан 2017

Өткен демалыс күндері Ырғыз ауданының Жайсаңбай ауылдық округінің аумағында заңсыз 2 бас қабан атқан қызылордалықтар ұсталды. Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары тексеру барысында браконьерлердің жол талғамайтын көлігінен 2 дана аңшы мылтығы, 68 дана оқ-дәрі және 1 ара тәркіліген. Инспекторлардың есебінше, жабайы шошқаға баудай тиген қаскөйлердің заңсыз әрекеттерінен жануарлар дүниесіне 1 миллион 134 мың теңге залал келтірілген. Ал, 13-ақпан күні осы ауданның ерекше қорғалатын табиғи аумағында 19 бас киік атқан 4 адам ұсталған. Бұл екі дерек бойынша Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
19:28, 23 қаңтар 2018
Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
14:17, 18 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
Толығырақ...