ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ЫРҒЫЗДЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ КӨЛІК ОЙЛАП ТАПТЫ

20:52, 12 маусым 2019

Ырғыздық өнертапқыш көлік құрастырып шығарды. Ауыл шаруашылығына арналған машинаны Жағыппар Қадыров екі айда құрастырып шығарған. Жаңа техника өзінен бірнеше ауыр жүкті еркін сүйрей алады.Қыстың қамын жазда ойлап, ауладағы малына жем-шөп дайындағысы келетін шаруа адамы үшін, бұл техника таптырмасы көлік. Тіпті айдалада осы  арқылы электр қуатын алып, сынған темір-терсекті де дәнекерлеуге болатынын айтады.Бұл техника жол талғамайды. Ауыр техникаларды да емін-еркін сүйрей алады.Ал мына көлікті Жағыппар мырза бұзылған  жигули мен уаз автокөліктерінің құрылғыларынан алты айда құрастырыпты. Жинақы, ыңғайлы. Қазір әке жолын ұлы Алтынбек жалғастырып отыр. Алтынбектің айтуынша, әкесі ойлап тапқан техниканы шаруа қожалықтары көп сұрап келеді. Арасында шетелдік қымбат көліктерге айырбастағысы келгендер де болыпты.Шебердің қолы - ортақ.  Ауданда көлігі бұзылған жүргізушілердің бас тіреп баратын жері қазір әкелі-балалы қос өнертапқыштың үйі. Кәсіптің көзін тапқан талапты жігіт жақында мемлекеттік бағдарламамен несие алып, ауласынан көлік жөндейтін орталық ашқан.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ  АЛАҢДАТАДЫ
20:52, 16 қыркүйек 2019
ЖАСӨСПІРІМДЕР МӘСЕЛЕСІ АЛАҢДАТАДЫ
Толығырақ...
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
20:46, 16 қыркүйек 2019
IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТҮРЛІ САЛАДА ҚОЛДАНЫСҚА ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:10, 10 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:15, 10 қыркүйек 2019
ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...