ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ЫРҒЫЗДЫҚТАР АУЫЗ СУ АЗАБЫНАН АРЫЛАДЫ

16:42, 11 тамыз 2020

Ырғызға негізгі қордан тәулігіне шамамен бір мың текше метр су жіберіледі. Бұл аздық етіп тұр. Жаз басталса ауылдықтар ауыз судан қиналады. Күнделікті тұтынудан өзге, бақша мен құрылыс жұмыстарына пайдалану үшін насос орнатып алғандар бар. Салдары өзгелерге тиеді. Ауыл шетіне жетпей, қысымы аз суды кезекке тұрып тасып алуға тура келеді. Бірнеше жылға созылған қиындық биыл түбегейлі шешілетін болды. Аудан орталығына су құбыры тартылып жатыр. Жұмыс қызу. Күзде ырғыздықтар ауыз су тапшылығынан арылады. Айырқызыл су қоры Ақши елді мекенінде орналасқан. Аудан орталығы мен Аманкөл, Құтикөл ауылдарына ауыз су осы станциядан тартылады. 45 жыл бұрын орнатылған құбырлар әр жерден тесіліп, қысымы азайды. Су ағысының баяулайтыны да содан. Қазір Ақши мен Ырғыз ауылы аралығындағы 9 шақырымнан аса су құбыры ауыстырылып жатыр. Жұмыстың басым бөлігі атқарылды.   
Ескі шойын құбырлар тот басып, шіри бастаған. Жеңіл жөндеуге шыдас бермейді. Сондықтан темір тұрба орнына 200 диаметрлік пластикалық құбыр орнатылуда. Жаңасын ұзақ жыл пайдаланады. Тот баспағандықтан су дәмі де кермек тартпай, таза болады. Арасы сапалы бекітілсе, қиындық та болмайды,-дейді мамандар. Негізгі магистраль 3 метр тереңдікке қазылып, құбыр орнату жұмыстары аяықталуға жақын.    
ДӘУРЕН БАЙЖИЕНОВ
АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС,СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Ауылым ел бесігі бойынша жасалып жатыр. 320 миллион құны. Дәнекер ЖШС. 13 шақырым. 9 магистралды. 3,2 ауылішілік.  
Негізі Ырғыз ауылы мен Ақши елді мекенінің аралығы 18 шақырым. 9 шақырым құбыр он жыл бұрын пластикалық тұрбаға ауыстырылды. Қалған желілерді жөндеу осы жылға бұйырған. Құрылыс-монтаж жұмысы аяқталса, Ырғыз ауылының әр үйіне ауыз су кіретін болады. Ол күндер де алыс емес.

Әлия Таласова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...