ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ СЫНАЛДЫ

22:20, 3 сәуір 2020

 Облыс орталығында коронавируспен күресу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бірнеше аумақта залалсыздандыру туннелі орнатылды. Қоғамдық көліктер мен аялдамалар дезенфекцияланды. Санитарлық тазалық жұмысына  жергілікті бизнес өкілдері де үлес қосты.  
ВАСИЛИЙ  ХМЫРОВ
"ЭНЕРГИЯ" МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  
Залалсыздандыру құралының түрлері өте көп. Оған бізде көбіне бау-бақшаға арналған су бұрқақ құралдары пайданылады. Қазіргі техника дамыған кезде оның электр жүйесімен жұмыс жасайтын түрін құрастыру аса қиын емес. Соны біз қолға алып, жасап, міне бүгін пайдаға жаратып жатырмыз.    
Сауда орындарының кіре берісінде келушілер қолын антисептикпен сүртіп, дене қызуын тексерту қажет. Бұл тазарту  құрылғысына дисперстік сұйық қоспа  құйылған. 12 литрлік сыйымдылықтағы құрылғы жоғары қабаттағы инфекцияларды лезде жояды.  
СЕРГЕЙ  ВИШНЯК
"ЭНЕРГИЯ" МЕКЕМЕСІНІҢ ІС ЖҮРГІЗУШІСІ
 Сауда орнын күніне үш рет залалсыздандырамыз. Қызметкерлердің барлығы қорғаныш бұйымдарымен қамтылды. Үстел, сөрелердің үстіңгі беті сағат сайын тазаланады. Егер тұтынушы затын қайтып тапсыратын жағдай болса, қайта әкелінген бұйым залалсыздандырылып ішке кіргізіледі.  
Жергілікті әкімшілік залалсыздандыру құрылғыларының санын еселеп, қаладағы әлеуметтік маңызды  орындардың алдына орнатады.  Мәселен, туннельдің біреуі Теміржол вокзалы мен Арбатқа  қойылды. Келесі кезекте емханалар тұр.  

Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар