ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙДІ

19:46, 26 наурыз 2020

 Қала көшелерінде залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Адам көп жиналатын саябақтар мен базар маңындағы дезинфекцияны әскерилер өз міндетіне алған. Бұл туралы әріптесім Дархан Мектепбай айтып береді. Ақтөбе гарнизионының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметі облыс орталығындағы қала көшелерін, саябақтар мен скверлерді дезинфекциялады. Бұл жұмыс  "Рубеж" деп аталатын арнайы зиянсыз ерітіндімен жүргізілді. Ерітінді Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында қолданылған.
Әскери қызметшілер залалсыздандыру жұмыстарының алғашқы күнінде Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін және "Мәңгілік алау" аумағын тазалады.  Сондай-ақ, Уәлиханов көшесіндегі темір жол вокзалынан орталық базарға дейінгі учаскеге арнайы ертінді себілді.  "Алтай", "Әлия", "Жилгородок" базарлары мен теміржол вокзалының автотұрағы аумағында дезинфекция жүргізілді. Айта кету керек, бұл жұмыстар төтенше жағдайлар уақыты аяқталғанша жалғаса беретін болады.

ДАРХАН МЕКТЕПБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
21:33, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
19:24, 26 маусым 2020
БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Толығырақ...
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
21:04, 26 маусым 2020
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...