ШҰҒЫЛ! Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген Толығырақ

Заманауи медициналық диагностикалық орталық құру жөнінде екіжақты меморандумға қол қойылды

19:43, 10 тамыз 2017

Ақтөбеде заманауи медициналық диагностикалық орталық пен оқыту лабораториясын құру жөніндегі екіжақты меморандумға бүгін облыстық әкімдік пен Оңтүстік корея мемлекетінің Сеул ұлттық университет госпиталі қол қойды.

Бұл келісімнің негізгі мақсаты-түрлі аурулардың алдын алу, медициналық көмектің сапасын жақсарту, әсіресе қатерлі ісікті алғашқы кезеңдерінде анықтау. Ақтөбелік дәрігерлердің кәсібилігін арттырып, халықаралық стандарттарға сәйкес ету. Соңғы жылдары медицина саласында корейлік әріптестермен бірлесіп іске асырған сәтті жобалар да жетерлік.

Алдыңғы қатарлы Чек ап диагностикалық орталығында  адам денсаулығын небәрі үш сағат ішінде толыққанды диагностикадан өткізіп, зертханалық, аппаратық тексеріс жүргізіледі. Енді ақтөбеліктер алыс жақын шетелге бармай ақ, өз өңірімізде осындай диагностикадан өту мүмкіндіге ие болады. Орталық құрылысы 2-3 жылда аяқталып, халық игілігіне беріледі. Ал, зертханалық орталық  дәрігерлердің әсіресе хирургтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Мұнда жануарларға ота жасау арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
18:51, 16 ақпан 2018
Үй тонау, мал ұрлау деректері көбейген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар