ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

"Замандас" аналар клубына - 5 жыл

13:39, 7 желтоқсан 2017

Ойыл ауданындағы "Замандас" аналар клубының құрылғанына 5 жыл толды. Береке мен бірліктің ұйытқысы болған ұйымның мерейтойы аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. Ғимарат фойесінде көрмелер, әжелердің қолөнерді қайта жаңғыртқан көріністері ұсынылды. Мереке әр ауылдық округтен келген әжелер клубы мен "Замандас" мүшелерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. 

"Замандас" аналар клубының бес жылдығы кең көлемде аталып өтті. Алдымен, бұл мерейтойға келгендер ұмытылып бара жатқан қазақтың ұлттық тағамдары көрмесін тамашалады. Ақ жаулықты аналар мәдениет үйі фойесінде құрақ құрау, ши тоқу, қыз жасауын тігу сияқты салт-дәстүрлерімізді жаңғыртты. Көрмені аралаған аудан әкімі салтанатты кештің куәсі болды. Клуб жұмысындағы жетістіктерді айтты.

Аудан басшысы шара барысында қоғамдық шаралар мен ауданның мәдениетінің дамуына, жастардың ұлтжанды болып қалыптасуына үлес қосып жүрген аналарды алғыс хаттармен марапаттады. Ойылдағы ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген әжелердің бірі Ғарифитиолла Бердешованы 70 жасымен құттықтады.

Бұл мерекеде аудан өнерпаздары, мектеп оқушылары өнер көрсетті. Қоғамдық ұйым, ардагерлер кеңесінің өкілдері мерекелік тілектерін жеткізді. Содан соң, аналардың дара жолын үлгі еткен "Замандас" клубының төрайымы алдағы уақытта атқарар істері мен мақсат-міндеттері баяндады.

Салтанатты кештің қонақтары "Тағылым", "Шапағат", "Ұлағат", "Шаңырақ", "Парасат", "Өнеге" аналар клубтары мен "Ақ әже" халықтық ансамбілі шырқаған әсем әндерді тыңдады. Одан соң, мерейтой мәдениет және демалыс орталығында мерекелік дастарханмен жалғасты.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
20:12, 13 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...