ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ЗАҢ МҰҒАЛІМ БЕДЕЛІН КӨТЕРЕ МЕ?

19:17, 10 қыркүйек 2019

Қазақ әліппесінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы "Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болады ",- деген. Алайда, бүгінде қоғамның кереғар пікірі, жалақының төмендігі, сондай-ақ, біліксіз мамандардың кесірінен "ұстаз"  деген ұлы атаудың атына кір келіп жүр. Жуырда қабылданған " Педагог мәртебесі туралы" заң, шын мәнінде, мұғалімнің орнын айқындап,  беделін көтере ала ма?

ГҮЛДАНА АБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ

-Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр-мұғалімдікі деуші еді. Қазір де солай ма?Ата- аналар, жалпы қоғам бұрын ұстазды ұлы көретінбіз дейді. Біздің мұғалімдер қаандай еді деп әлі күнге дейін таңдай қағады. Қазір ше? Не өзгерді?  Педагог па, пікір ме? Мұғалімдердің беделіне не нұқсан келтірді?  Жуырда бекітілген заң олардың мәртебесін айқындап, құқығын қорғай ала ма?/

Жасыратыны жоқ, осы уақытқа дейін әкімшілік жұмыстардың дені мұғалімдердің күшімен атқарылатын. "Барып кел, шауып келмен" нағыз қолбалаға айналған педагогтар стадион, семинар-конференция сынды кез-келген көпшілік шараларда адам қарасын толтыру үшін жегілетін. Қағазбастылық өз алдына, бітпейтін тексерістер ұстазды одан әрі қажытып жіберді. Ал ата-аналар қит итсе, мін тағып жазғыруға дайын. Мұны ұстаздардың өздері де мойындайды.....Дегенмен,  қоғамның сесі мен сынынан жасқанып қалған ұстаздар қауымы әлі де болса  көп мәселені ашық айта алмайды. Мұғалім мәртебесінің төмендеуіне тағы бір себеп-ол жалақаның аздығы. Төмен жалақы салаға талантты және қабілетті жастарды тартуға мүмкіндік бермейді. Ақпараттық-сараптамалық орталығы жүргізген сауалнамаға сенсек, елімізде  "Алтын белгі" иегерлерінің  7%-ы ғана педагогикалық мамандықтарды таңдайды екен. Ал, дамыған мемлекеттерде , мәселен, Жапония мұғалім- ең қадәрлі мамандық. Ұстаздың жалақысы  сол елді басқарып отырған Премьер-министрдің алатын айлығымен пара-пар деседі. Еуропада ең үздік оқушылар ғана мұғалім мамандығын таңдай алады. Мұғалімнің беделі Финляндияда, Сингапур, Оңтүстік Кореяда да  жоғары.  Педагогикалық мамандықтардың байқауы бұл елдерде бір орынға 10 адамға дейін жететін көрінеді. "Педагог мәртебесі туралы заң" осы олқылықтардың орнын толтырады деген сенім бар. Жалпы, заңжоба 192 бап, ауқымды 5 бағыттан тұрады. Құжатқа сәйкес, енді ұстаздар кім-көрінгеннің жұмысына жегілмейді. Көше сыпырмайды, қоғамдық шараларға шақыртылмайды, үй-үйді араламайды, қағазға көмілмейді, шамадан тыс есеп бермейді. Қысқасы, артық жұмыстан арылады.  Істеген жағдайда оған қосымша ақы алады. Ал, оларды еркінен тыс жұмысқа тартқандарға айыппұл салынады. Босатады, оған қоса, маңызды құжат материалдық және материалдық емес ынталандыру, әлеуметтік кепілдіктер, ұстаздардың құқықтарын кеңейту, мұғалімдердің жүктемесін азайту сынды өзекті мәселелерді қамтиды. Мысалы, сыныпқа жетекшілік еткен және дәптер тексеріп көз майын тауысқан мұғалімдерге шамамен 5 мың, жас мамандарды үйреткен аға ұстаздарға 17 мың және магистр дәрежесі бар оқытушыларға 25 мың теңге қосымша ақы төленбек. Ең бастысы, 4 жылда жалақы 2 есеге өседі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Елімізде тұңғыш рет дайындалған заң жобасы мұғалімдердің беделін, абыройын арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Ең негізгісі оларды қосымша жұмысқа ынталандыратын болады. Жалпы, болжам бойынша осы заң жобасы ең кемінде елімізде 500 мыңға жуық ұстаздың мүддесін қорғайды.

Шәкірттің санасына сәуле түсіріп, жер бетіндегі жақсылық атаулыны үйреткен, ізгілікке тәрбиелеген, білім нәрімен сусындатқан мамандық иелерінің қуанышында шек жоқ. Жаңа құжат заң күшіне енеді. Мұғалімнің мерейім үстем болады, мәртебесі артады.  Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған педагогтардың пікірі осыған саяды.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...