
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылардың жинағы 12 триллион теңгеден асты. Облыс бойынша міндетті зейнетақы жарнасының қор 635 млрд теңгені құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала өкілдері хабарлады. Мамандардың айтуынша, наурыз-қыркүйек айларында зейнетақы қорындағы жұмысқа бірқатар шектеу шаралары енгізілген. Барлық бөлімшелер жаңартылған жұмыс режиміне көшті. Құжаттарды байланыссыз қабылдап, кейбір қызмет түрлерін онлайн рәсімдеді. Қазір бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200-ге жуық бөлімшесі санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып, қалыптасқан жұмыс тәртібіне қайта оралды. Дегенмен сайтқа кіріп, қабылдауға алдын ала жазылу қажет. Сұрақ туындаса, 1418 қысқа нөміріне хабарласуға мүмкіндік бар.