ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

ЖАҒЫМСЫЗ ИІС ҚАШАН ЖОЙЫЛАДЫ?

19:41, 13 маусым 2018

Ақтөбеде жазда пайда болатын жағымсыз иісті жою шаралары жалғасуда. Ол үшін облыс орталығында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Кәріз құбырларын тазалау жүйесіне жаңа технологиялардың көмегімен жұмыс істейтін жабдықтар орнатыла бастады. Ал кәріз жүйесіне сүзгі орнатпайтын кәсіпорындар жауапкершілікке тартылып жатыр. Сонымен... қаланың ауасы қашан тазармақ?

"Шіріген жұмыртқаның" иісі ақтөбел іктерді әбден мезі қылды. Әсіресе, сасық иіс кеш құрым қаланың ескі бөлігін, шанхай ауданын алып кетеді. Күлімсі иістің ошағына орнатылған дабыл қаққыш құрылғылар күкіртті сутек ауаға мөлшерден тыс таралған кезде белгі береді. Биыл бірнеше рет жағымсыз иіс шамадан тыс шыққан. Мұндай станцияның алтауы Ақтөбеде бар. Бірақ, бұл ауаның сапалы болуы үшін жеткілікті емес дейді облыс әкімінің орынбасары.

Кәріз желісін ластайтын кәсіпорындарға тексеру жүргізілді. Қатаң талап қойылды. Желіге тазалағыш сүзгілер орнатпаған тоғыз өнеркәсіптік кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Қазір ауа тазалау шараларына ресейлік сарапшылар тартылып отыр. 

ЖАҚСЫҒАЛИ  ИМАНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

- 300-ден астам өндірістік кәсіпорын бар. Жыл бойына күн сайын іріктеу жасалады. Кәріз жүйесін ластап отырған кәсіпкерлердің көпшілігі қатаң шаралардан кейін талапқа бағына бастады. Күкіртті сутектің жағымсыз иісін жою шараларына Қазан институтының мамандары тартылды.

Жағымсыз иісті мүлдем жою үшін кәріз тазалау құрылғыларын заманауи технологиямен жабдықтау жұмыстары қолға алынды. "Ақбұлақ" акционерлік қоғамы 1,5 миллион теңге тұратын екі сүзгі сатып алды. Ал "Ылғалды сүзгі" деп аталатын құрылғы еліміздің батыс аймағы бойынша бізде бірінші рет орнатылды.

АСАН  ИБРАЕВ, «АҚБҰЛАҚ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ 

-  Бұл жерде мынадай принцип бар. Осы құбырлар, тұрбалардың бойымен өтетін сұйықтықтың жағымсыз иісті жел тұрғанда қалаға тұрғындары сезінбеуі тиіс. Қондырғы орнатылғанна бері нәтиже бар. Жағымсыз иіс бұрынғыдан әлдеқайда азайды

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс тобы мұнымен тоқталмақ емес. Ауа сапасын жақсартуға қатысты жұмыстар жалғаса бермек.

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...