ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРҒА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЛАДЫ

19:55, 26 наурыз 2020

 Өңірде азық-түлік қоры жеткілікті. Алаңдауға негіз жоқ. Облыс әкімдігі жанындағы жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне күнделікті мониторинг жүгізуде. Ал қаладағы ірі сауда орталықтары жалға алушыларға  жеңілдік жасап жатыр.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құзырлы орган басшылары мәлімдеді. 
Азық-түлік бағасы күннен күнге шарықтап барады. Оны кім қадағалайды? Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан сала мамандарына әрбір екінші тұрғын осы сауалды жолдады. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, аймақта арнайы жұмыс тобы құрылды.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне күнделікті мониторинг жүргізіледі. "Табыс"  базары мен 22 шағын коммуналдық дүкенде тұрақтандыру қорының өнімдері қолжетімді бағамен сатылып жатыр. Тауар құны ғана емес, сауда орындарының санитарлық жағдайы да қатаң бақылауда. Бүгінгі таңда аймақтағы базар басшыларымен келіссөздер жүргізілуде.  Нәтижесінде  Алтай, Наурыз, Шығыс, Орталық базар мен бірнеше сауда орталықтары жалға алушыларға жеңілдіктер жасады. 
Сондай-ақ, кәсіпкерлер қала тұрғындарына тегін бетперде таратуда.  Бизнес иелері барлығы 750 мың теңгеге 3000-ға тарта маска үлестіруді жөн санап отыр. Өз кезегінде жұмыс тобы қорғаныш құралының нарықта белгілі бір бағамен сатылуын қадағалайды. 
АНАР ДАРЖАНОВА
"АТАМЕКЕН" ҰКП АОФ БАСШЫСЫ
/Мейрамхана ісі, құрылысшылар қауымдастығы, іскер әйелдер қауымдастығы өзге де жанашыр азаматтар өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, осындай игілікті іс бастады. Сонымен бірге жұмыс тобы бетперденің шекті бағасын бекітті. Ол бойынша бір реттік маскалардың  құны 100 теңге, көп реттік  бетперденің бағасы 300 теңгеден аспауы тиіс / 
Ал бетперденің бұдан да қымбат бағаға сатылып жатқанын көрсеңіз 1432 нөміріне қоңырау шалыңыз. Сауда орнында маска мен қолғапсыз қызмет көрсеткен сатушы туралы да шағым түсіруіңізге болады.
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
21:33, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
19:24, 26 маусым 2020
БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Толығырақ...
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
21:04, 26 маусым 2020
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ МОНИТОРИНГ ТОБЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...