ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТ БЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ

19:46, 10 қыркүйек 2019

Жалған мәлімет берген мемелкеттік қызметкерлер жұмыстан босатылады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бүгін аппарат жиынында осылай деді. Белгілі болғаны, кейбір жауапты тұлғалар орындалмаған тапсырма туралы жалған ақпарат беріп, басшылыққа жағынудың жолын тапқан. Мұндай жымысқы әрекеттері анықталған қызметкерлерге бұдан былай қатаң жаза қолданылатын болады. Кім қандай тапсырманы орындамады? Мұны аппарат басшысы Нұржауған Қалауов мәлімдеді. Кез келген ақпарат алақанға салғандай айқын көрінетін техниканың дамыған дәуірінде ешкімді алдау мүмкін еместігі анық. Десек те, тапсырылған жұмысты орындадым деп бастығын алдайтын қызметкерлердің барын аппарат басшысы Нұржауған Қалауов ашып айтты. Ия, жалған сөйлеу ұлтқа қызмет қылатын мемлекеттік қызметші үшін антына адал болмаумен тең. Көзбояушылықпен айналысқан жауапты тұлға енді лауазымына қарамастан, қызметінен қуылады. Облыс әкімі мемелкеттік қызметке нұқсан келтірген адам атқарып отырған лауазымына лайық емес деді. Осы жиында басшылық тарапынан берілген тапсырмаларға салғырт қараған аудандардың да аты аталып, түрі түстелді. Аппарат жиынында тағы бір маңызды мәселе қозғалды. Соңғы сегіз айға жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша облыс әкімінің орынбасарплары Марат Тоғжанов 125 адамды, Рахат Сыдықов 105 адамды, Олжас Смағұлов 82 адамды, Аманғали Бердалин 80 және Қайрат Бекенов 58 адамды жеке сұрақтарымен қабылдаған. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин  орынбасарларына бұдан былай тұрғындарды жиі қабылдайтын болыңдар деп міндеттеді.

АЙГҮЛ БАЙМЕН

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...