ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ЖАН ЖЫЛУЫ

20:00, 4 желтоқсан 2020

 Бүгін "Анаға тағзым" орталығында Mariart әдісімен жұмыс істейтін суретші Динара Көшербаеваның ашылды. Ол бұған дейін түрлі дертке шалдыққан балалар үшін тегін шеберлік сабағын өткізді. Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған шараға бірқатар картина сатылымға қойылған. Барлығы 2 млн теңге қаржы жиналып, қайырымдылық қорға аударылды. 

Бүгін көрмеге қойылған әр шығарманың айтар ойы, терең мағынасы бар. Мұның сырына үңілген көрермендер картина авторларларымен үнсіз тілдескендей әсер алады. Бояу құпиясын әркім өзінше сезінеді. "Бұл ұғынған жанға күрделі методика" дейді мамандар.
Жеке шығармашылығын жұртшылыққа паш еткен суретші Динара Көшербаева болса, "әрбір жұмыс үлкен оймен келеді" дейді. 

ДИНАРА КӨШЕРБАЕВА
СУРЕТШІ
 Менің шығармаларым - бұл сиқырлы энергияның кішкене бөлігі. Мына әлемнен нені көремін, соны өзімше бейнелеймін. Жеке әлемімді көрермендермен бөліскеніме қуаныштымын. Ал, шығармаларым науқас балаларға әсер етіп жатса, бұл ғажап. Әрдайым қолдау білдіріп, көмек көрсетуге дайынмын.

Көрменің екінші бөлігіне даум синдромы, аутизмге шалдыққан балалар салған суреттер қойылған. Өмірге құштар сәбилер өз ойлары мен қиялын қағаз бетіне түсіруге тырысқаны байқалады. Олардың шығармалары келушілерге әсер етті.
Шараны ұйымдастырушылар мұндай көрмені Ресей, Әзірбайжан елінде өткізген. Ал, Динара Көшербаева болса бірнеше суретін қайырымдылық үшін сыйға тартқан.  

ДАРХАН МЕКТЕПБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар