ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ЖАҢА БЕЛЕС

20:00, 4 желтоқсан 2020

Ақтөбелік дәрігер Самат Сапарбаев мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Жасушалық технологиялар саласын зерттеп жүрген ғалымның ұзақ жылғы еңбегі еленді. Екі жылда бір рет тағайындалатын  Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы байқауда Самат Сағатұлының зерттеуі үздік деп бағаланды. 

Самат Сапарбаев жасушалық технологиялар саласындағы зерттеуді 2006 жылы бастады. Дәл осы тақырыпта  ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеп, оны өз тәжірибесінде қолданды. Дәрігер фетальды жасушаларды бөлу, культивациялау және криоконсервациялау әдістерін дайындап, науқастарға ем жүргізді. Мұны талай рет халықаралық конференцияларда баяндады. 

САМАТ САПАРБАЕВ 
М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Трансплантация жасау әдісі біздің елімізде қарқынды дамып келеді. Жасушалық трансплантация да солай. Біз  өз ғылыми жұмысымызда осының барлығын толық қамтыдық десек болады. Елімізде соңғы 15 жылда қолданған әдістерді жинақтап, нәтижелері мен тиімділігін көрдік. Оған қоса ғылыми жетістіктерімізді сараладық.  

Ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары бағалауға бағытталған сыйлық бұл.  Үміткер ретінде еліміздің әр түпкірінен ғылыми жұмыстар келіп түсті. Комиссия мұқият саралап, қоғамдық талқылау өткізіп, нәтижесінде 15 жұмыс үздік атанды. Оның ішінде "Инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және клиникалық медицинаға енгізу" тақырыбы бойынша дәрігер Самат Сапарбаевтың ғылыми жұмысы бар. 

САМАТ САПАРБАЕВ 
М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
2007 жылы алғаш рет тамырішілік трансплантация жасадым. Бұл менің алғашқы авторлық жұмысым. Сол технология бойынша бірнеше ғылымыи жұмыс дайындалды. Жасушалық трансплантция бойынша 80-нен астам ота жасадым. Дәрігерлік жолын енді бастаған жас мамандар үшін таптырмас әдіс.   

Самат Сағатұлы - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты. Ол ғылыми жұмысын дәл осы мемлекеттік сыйлыққа үшінші рет ұсынып отыр.  Бұған дейін 2010  және 2014 жылы бағын сынаған. Ал, биылғы жұмысында соңғы 15 жылдағы жетістіктері мен ізденістері қамтылып, сараланды. Еңбек еленіп, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Дәрігер Самат Сағатұлының бұл тақырыпта 10-нан астам инновациялық патенті бар.  6 әдістемелік нұсқаулық, 3 монография шығарды, 60 - тан астам ғылыми жұмыс жазылды.  

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар