ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ЖАҢА ӘУЕ ЖЕЛІСІ АШЫЛАДЫ

19:35, 13 қыркүйек 2019

Енді ақтөбеліктер діттеген жеріне арзан билетпен ұша алады. Ақтөбеде жаңа әуе желісі ашылады. Батыс Қазақстан бойынша алғаш рет ашылатын әуе базасы ФлайАрыстан деп аталатын жаңа әуекомпанияға тиесілі. Қазақстан мен Орталық Азиядағы бюджеті төмен әуекомпаниясының таныстырылымы бүгін Ақтөбеде өтті. ФлайАрыстан алғашқы рет биыл мамырдан бастап ұша бастады. Еске салсақ, алғашқы қазақстандық лоукостерді, яғни, бюджеттік әуе компаниясын құру туралы Елбасы тапсырма берген болатын. Қазір компанияда 180 орындық екі әуе кемесі бар, келесі жылы оның санын онға дейін жеткізу жоспарланды. Бүгінгі күнге дейін 100 мыңнан аса  жолаушы ФлайАрыстан әуе компаниясының қызметін пайдаланып үлгерді. Орташа билет құны шамамен 17 мың теңге. Бұл әуе компаниясы Ақтөбеде ашылғанда 120 жұмыс орны құрылады, туризм дамиды деген жоспар бар.

ПИТЕР ФОСТЕР /"ЭЙР АСТАНА" КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ,   БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

-  Мен өте қуаныштымын, Енді локуостердің тағы бір базасы  Батыс Қазақстан бойынша Ақтөбе өңірінде ашылмақ. Сөзсіз, аймақты дамытуға зор мүмкіндіктер туады. Ақтөбе халықаралық әуежайы арқылы жылына шамамен  400 мыңдай жолаушы ұшатын болса, ФлайАрыстанды іске қосқан кезде 2021-шы жылға қарай жолаушылар саны үш есе, яғни  1 миллион 200 мыңға артады деп болжаймыз.  Ақтөбеден алғашқы рейстер Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға, одан кейін батыстағы облыс орталықтарына  ұшады. Одан әрі  Қызылорда мен Шымкент жоспарда. 

Ақтөбе халықаралық әуежайының стратегиялық жағынан қолайлы орналасуы көптеген бағыттарға ұшуға мүмкіндік береді. Флайарыстанның жоспарына сай, болашақта Ақтөбе арқылы халықаралық рейстер де ашылады. Бірінші рейс Мәскеу, содан кейін Киев, Кавказ  бағыты таңдалды. Яғни, Ақтөбе- елдің  батысындағы өңірлік қана емес, халықаралық хабқа айналады. Осы ретте, аймақ басшысы, өңірдің көлік-логистикалық  мүмкіндіктерін арттыруымыз қажет деді. Флайарыста әуе компаниясының билет құны 5 мыңнан басталады. Біздің әуежайдан күніне 10-12 әуерейсі еліміздің бірнеше бағытына қатынамақ.

ВЕНЕРА СЕРҒАЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...