ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖАҢА КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

20:57, 5 шілде 2019

"Ойыл. Мұрағаттық құжаттардағы тарих". Ақтөбеде осындай кітап оқырманға жол тартты. Тұсаукесерге  тарихшылар, педагогтар мен зиялы қауым өкілдері жиналды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында құрастырылған кітапты қаладағы жоғары оқу орындары мен кітапханалардан табуға болады. 

Ортағасырлық тас мүсіндер. Барқын құмы мен "Көкжар" жәрмеңкесі. Ойыл ауданындағы тарихи жерлер. Мұның барлығы 500 данамен шыққан кітапта қамтылған. Туынды авторлары Ойыл ауданының тумасы Нұрлан Жұмағалиев пен Олег Ярошенко.

Ойылдың "ойдағы ел" атануы тектен-тек емес. Бұл мекен дүниенің төрт бұрышынан келгенде радиусы 7-8 шақырымдай үлкен ойпаттың ортасында тұр. Кітаптың авторлары  жазушы емес, тарихшы да емес. Нұрлан Жұмағалиевтің баспаханасы бар, ал Олег Ярошенко-әскери қызметкер. Екеуі де Ойыл ауданының тумалары. Туған өлкенің 150 жылдығына кітапты ққнды жәдігер ретінде сыйлап отыр.

ОЛЕГ ЯРОШЕНКО /КІТАП АВТОРЫ

- Бұл кітап -арихи құжат. Өйткені ондағы деректердің барлығы зерттеудің нәтижесі. Архивтерден алынған. Мен әлемнің бірнеше елінде болдым. Әйтсе де маған туған жерім ыстық. Кітап шығармас бұрын көп іздендік, жергілікті мұрағат пен Батыс Қазақстан облысының мұрағатын ақтардық. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын жарық көрген газеттердегі мақалаларды жинадық. Өлкетанушылармен ақылдастық. Кітап оқушылар мен студенттердің кәдесіне жарайды деген сенімдеміз.

Кітапта энциклопедиялық деректер жеткілікті.  Мәселен, 1630 жылдары Жоңғариядан жарыла көшкен торғауыттар Кіші Жүздің үстін қоныстанған Еділ мен Жайық арасына орналасқан Қалмақ хандығы,  Ойыл бекінісінің құрылуы туралы ақпарат бар.

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
20:17, 20 қараша 2019
ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
 ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ
20:06, 19 қараша 2019
ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...