ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

Жаңа кодекстің талаптары талқыланды

19:02, 8 ақпан 2018

Жергілікті өнімдерді сатып алу, өндірісте қазақстандық мазмұнды арттыру мәселесі облыс әкімінің қатысуымен өткен форумның екінші бөлігінде де талқыланды. Сатып алу кезіндегі отандық тауар жеткізушілер мен кеншілер үшін кедергі тудыратын ортақ проблемалар айтылды.

Форумға дейін облыс әкімі бастаған топ жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін аралады. Мұнай-газ, тау-кен секторы экономиканың күре тамыры. Ел қазынасына қаражат құятын сала. Сондықтан "Кен және кен орындары туралы" жаңа кодекс, кейбір олқылықтардың орнын толтырады деген пікірде.

Оңтайландырыған заңнама жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторлар үшін тиімді. Өйткені бұрыңғы кодекстегі келеңсіздіктер ескеріліп, түзету енгізілген. Энергетикалық секторда тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша Ақтөбе облысы бүгінде республикада бесінші тұр.  

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ

- Сатып алу бойынша өткен жылы 162 миллиард теңге түсті. 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім жоқ десе де болады. Оның ішінде 97 миллиард теңге жергілікті қамтудың үлесінде. Отандық өнімді қолдауға Елбасы үнемі көңіл бөледі

Кодекс мемлекет басшысының 100 нақты қадам ұлт жоспарында айтылған тапсырмаларға сай жасақталды. Яғни, жер қойнауын пайдаланушы үшін келісім шарт жасауды жеңілдетіп, пайдалы қазбалар қорының есебіне халықаралық стандарттарды енгізу көзделді. Елбасы Қазақстанның геологиялық барлау нарығына шығу керектігін айтты. Ал, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі өз кезегінде отандық бизнесті қолдауға қатысты кемшіліктерді алға тартты. 

ҚУАНЫШ БИШИМОВ, "АТАМЕКЕН" ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

- Статистикаға сүйенсек, 2014 жылы жергілікті қамтудың үлесі 69 пайыз болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 51 пайызға дейін төмендеп кетті. Өкінішке орай осылай болып отыр. Өйткені, отандық өндірушілерді қолдаудың бүгінгі механизмі жеткіліксіз деп ойлаймын

Форум қатысушылары өзара пікір алмасып, өзекті мәселелелерді бірігіп талқылады. Заңнаманы жеңілдету арқылы, инвестиция тарту мүмкіндігі артады- десті.  

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...