ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

18:44, 13 тамыз 2019

 

Облыс бойынша жаңа оқу жылында 19 500 мыңға жуық бала 1-ші класқа барады. Бүгінде 13 000-нан астамы электронды түрде тіркелген. 15  мектеп пайдалануға беріледі. Бұл жетістік. Ал кемшілік кадр тапшылығы. Сонымен қатар, балабақшаға орналастыру жұмысында түйіткіл бар. Осы сұрақтарға бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева жауап берді. Облыста 3 пен 6 жас аралығындағы 50 149 бала бар. Олар  537 мектепке дейінгі орталыққа барады. Бұған қоса биыл жаңа 15 балабақша ашылды. Соған қарамастан бақша кезегіндегі бүлдіршіндер саны азаймай тұр.  Аймақта 21 мектеп салынуда. Бірқатары жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Бұл үш ауысымдық оқыту мәселесін түбегейлі шешпейді. Өңірдегі 60 елді мекенде мектеп жоқ.  418 оқушының 100-ден астамы жақын маңдағы ауыл, аудан орталықтарына қатынап оқиды. Қалғаны интернатқа барады.  Оқушылар жаңа кітаптармен қамтамасыз етіледі. Әсіресе 4, 9, 10 класс оқушыларының оқулықтары толығымен жаңартылады.Оған 1 млрд 900 млн теңге бөлінген. Ал, 1-ші класс оқушылары әліппеден емес "сауат ашу" оқулығынан  бастайды.Өңірде педагогтар жетіспейді. 15 мың мұғалім бар. Әлі де 200-ден астам маман қажет. Әсіресе, орыс класстарына сабақ беретін ұстаздардың қатары жылдан жылға сиреп барады.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...