ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Жаңа сот ғимараты пайдалануға берілді

19:30, 12 қазан 2017

Мәртөк ауданында жаңа сот ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай, сонымен қатар құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші орынбасарлары мен «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» атты Жолдауында сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы атап өтіп, қатысушыларды жаңа сот ғимаратының ашылуымен құттықтап және барлығына сот төрелігін жүргізуде табысты жұмыс тіледі.

Іс-шараның ашылу салтанатында Мұратали Әкетай сот төрелігі жүйесін дамытуда Елбасының айрықша рөлін айта келіп, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің атынан жаңа соттың ашылуымен құттықтады.

Қатысушылардың сөздерінен кейін сот жүйесінің ардагерлері сот ғимаратының ашылу рәсімінің лентасын қиды. Судьялар мен мамандардың жұмыс жасауына, Сотқа шағымданатын азаматтар үшін де барлық жағдай жасалған. Жалпы көлемі 900 шаршы метр ғимаратта күту залы, мәжіліс залы, бейнебайланыспен кешенді жарақтандырылған 2 мәжіліс залы, медиация және психологиялық жеңілдету, прокурорлар мен адвокаттар кабинеттері, мұрағат орналасқан. Сот ғимараты  Интернет желісімен қамтамасыз етілген.   Бұдан басқа, азаматтар онлайн режимінде сот түскен құжаттарды іздеуге, іс бойынша барлық іс жүргізу әрекеттері туралы ақпаратты алуға, құжаттарды сканерлеуге және басып шығаруға мүмкіндіктері бар. Ғимараттың кіре берісінде электронды түрде қарауға болатын сот қызметі туралы қажетті электронды ақпараттар мен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған.  Іс-шараның ашылу рәсіміне қатысқан сот саласының ардагерлері Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмиге сот жүйесінің ардагерлеріне  үнемі назардан тыс қалдырмайтыны үшін алғыстарын білдірді. Салтанатты шараның соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай бастаған қатысушылар ғимараттың алдында жаңа көшеттерді отырғызды.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...