ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

17:09, 11 ақпан 2019

Ақтөбеде жаңа жылыжай кешені іске қосылды. Сәуір айында алғашқы қызанақтары алынбақ. Бес гектар жерді алып жатқан кешеннің жұмысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев танысты. Сондай-ақ, өңір басшысы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендері мен Сәтбаев көшесі бойындағы көпірдің жағдайын бағамдады.

«Грин Капитал» серіктестігіне қарайтын жаңа жылыжай кешені тек қызанақ өсіреді. Жылына шамамен 1000-1500 тонна жиналады деген жоспар бар. Отандық өнім Ақтөбе дүкендерінің сөрелеріне сәуір айында жеткізілмек. Өнімдердің дәмі өзгеше,  табиғи қызанақтардан еш айырмашылығы болмайды деп сендірді кешен басшысы.

АНАСТАСИЯ ПОПОВА, ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

- Біз өсімдіктің табиғи моделін ғана қолданамыз. Ол дегеніміз, табиғи тозаңдану және энтомофагтар, яғни бәрі қолда өсірілгендей жасалады. 2021 жылға дейін жылыжай кешенінің жалпы ауданын 20 гектардан асырамыз. Жоба бойынша жеке инвестициялардың көлемі 20 млрд. теңге. Бүгінгі таңда 7,2 млрд теңгесі салынды

Алдағы уақытта жылыжай кешенінің аумағы кеңейтілмек. Онда көкөністер, баялдылар және тәтті бұрыштардың көшеттері отырғызылады. Бұл шаралар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдегін азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және азық-түлік саласында импортты алмастыруға бағытталған жобалар аясында жүзеге асып отыр.

Облыс әкімінің назарына «Нұр Ақтөбедегі» «Нұрлы жермен» салынып жатқан азқабатты тұрғын үйлер көрсетілді. Айтып өту керек, мемлекеттік бағдарлама аясында өткен жылы өңірде 7875 жаңа пәтер пайдалануға берілді. Ал биыл  1 млн. шаршы метрден кем емес тұрғын үйді халық игіліне беру көзделуде.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев Сәтбаев көшесінің бойындағы 2018 жылы салынған көпірдің жағдайын көрді. Бұған себеп - әлеуметтік желі пайдаланушыларының шағымы. Қала әкімінің орынбасары Ыбырай Көзбаевтың айтуынша, мердігер компания ауа-райы жылыған соң кемшіліктерді жояды. Облыс әкімі жұмыс сапасын қатаң қадағалауды тапсырды. Өңір басшысы Батыс-3 ықшамауданындағы «Қызғалдақ» тұрғын үй кешенінің құрылысымен де танысты. Жоба 3,2 млрд. теңгені құрайды. Тапсырыс беруші «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы.  Тұрғын үй кешені 24 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. 305 пәтерлі. Бүгінгі күні бірінші үйдің құрылысы басталып кетті. Екіншісінің іргетасы наурыз айында қаланады. Үй құрылысы жыл аяғына дейін бітеді деп жоспарланған.

Бердібек Сапарбаев 41-ші байланыс торабының аумағына барып, бой көтеретін бетон өнімдерін шығаратын зауытқа жауаптылармен кездесті. Кәсіпкердің өз қаражатына салынатын нысан жобасының құны шамамен 1,5 млрд. теңге. Ағымдағы жылдың тамыз айында өндірісті бастау жоспарлануда. Тұрақты жұмыс орнымен 120 адам қамтылады.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰМАР ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
19:30, 21 тамыз 2019
ҚҰМАР ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...
2020 ЖЫЛЫ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
15:43, 15 тамыз 2019
2020 ЖЫЛЫ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ...
Толығырақ...