ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

ЖАПЫРАҚҚА «ЖАН БІТІРГЕН»

15:46, 11 қазан 2018

Жапыраққа «жан бітірген»  суретші! Алғалық Алтынбек Сейдалиев жұртшылықты өзінің ерекше өнерімен тәнті етіп келеді.  Ол кәдімгі жапыраққа  микроскоптың көмегімен елімізге танымал адамдар мен тарихи тұлғаларымыздың бейнесін салады.

Алға  қаласындағы орта мектептің технология мен сурет пәндерінің мұғалімі Алтынбек Сейдалиев жапыраққа сурет салуды 5-6 жыл бұрын ғана бастаған. Негізгі мақсаты шәкірттерін өнерге баулу болған. Ол сурет салуға кез-келген өсімдіктің жапырағы жарай беретінін айтады. Алайда таңдалған материал арнайы өңделеді. Шебер оның құпиясын ашып айта бермейді. Ал бір бейнені дайындау үшін  кемі 4 күн уақыт қажет.

Суретшінің әр еңбегі шыдамдылық пен ыждахаттылықты талап етеді. Ол осы уақытқа дейін 50-ден аса портрет салған. Туындыларының кейбірі сыйға берілген. Қалғанын ламинаттап сақтап қойған.

Бала күнінен көлемі кішкентай, шағын заттармен жұмыс істегенді ұнатқан. Өсе келе ол күнделікті дағдысына айналған. Жапырақтан бөлек, қарындаш графитіне сурет салады. Сондай-ақ жұмыртқа қабығын ойып, қиялына ерік береді. Қазір шебердің ізін жалғастырушы шәкірттері де бар.

Алтынбек бұған дейін шағын электромобиль мен әуе шарын жасап, өзінің өнертабысымен де қуантқан еді.Дегенмен, ол туындылары қолдау таппады. Бірақ сүйікті ісіне адал шебер шәкірттерімен бірге шағын экскаватор құрастыруды жоспарлап отыр.

Жақсыбек Кемал

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
 ҰРАН БАҚТЫБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
18:28, 20 мамыр 2019
ҰРАН БАҚТЫБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...