ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ

19:37, 29 мамыр 2020

 31-ші мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Тарихшылардың мәліметі бойынша жүз мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Ал, бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Бұл күн - сол зұлмат жылдары жазықсыз шапа шеккен бабаларымызды еске алатын күн! Ендеше тілшіміз дайындаған бейнематериалға кезек берейік! 
Жылаған бала, боздаған ана. Қыр асқан көш, жағалай жайрап жатқан мүрде. Қан сасыған дала. Үрей құшағындағы ел. Өткен ғасырдағы зобалаң жылдарды көз алдымызға осылай елестетуге болады. Деректерге сәйкес, тек 1932-1933 жылдары кем дегенде 1 жарым млн. қазақ аштықтан ажал құшқан. Ал аман қалған қандастарымыздың тағы да 200 мыңы жосып, басқа мемлекеттерге көшіп кеткен. Сол жылдары нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалмаған десе де болады. Тіпті, кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып кеткен. Мұның барлығы сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлматы еді. "Қазақ даласында өткен ғасырдың бастапқы жылдарында-ақ тыныштық болған жоқ", - дейді белгілі тарихы Бекарыстан Мырзабаев. Жазықсыз шапа шегіп, мерт болған арыстарымыздың бірі - Темірбек Жүргенов. Тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар КСРО-ның басқа өңірлерінде де маңызды партиялық лауазымдарды атқарған. Ол кісінің өткен ғасырдағы елдің мәдени және білімінің дамуына қосқан үлесі орасан. 1936 жыл Қазақстан тарихында Қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігімен есте қалды. Жала жабылғанда күллі әулеті қуғындалды, қамалды. Ал, Алматыдан келген Бижан ақсақал болса сол әулеттен аман қалған ұрпақ.
Бижан ақсақал Темірбек Жүргеновтің әйелі Дәмеш анамыздың тәрбиесінде болған. Себебі халық жауының әйелі ретінде сегіз жыл КАРЛАГ-тың тар қапас түрмесінде отырып, бостандыққа шыққан ол әулеттен қалған балаларға ие боп қалды. Тәрбиелеп, өсіріп, қамқор болады.
Мінекей, сол аман қалған Биназардың баласы Бижан ақсақалдың өзі бүгінде бір әулеттің көшін бастаған тұлға. Жүргенов туралы деректі фильмде үлкен атасы Қараның рөлінде ойнаған. Сонымен бірге белгілі режиссер Еркін Рақыш түсірген Тұрар Рысқұлов туралы деректі фильмде әкесі Рысқұлдың рөлін сомдапты. Бүгінде Алматы қаласында тұрады. Ол арыстарымыздың аты өшпей, кейінгі ұрпақ ұмытпаса екен дейді.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
16:42, 30 маусым 2020
25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
Толығырақ...