ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

20:12, 24 маусым 2019

Арыс қаласында төтенше жағдай жарияланды.  Жарылыстан 11 адам зардап шекті. Олар Шымкенттегі ауруханаға жеткізілді. Дені снаряд жарықшақтарынан түрлі дене жарақатын алған. Дәрігерлер қазір науқастарға қажетті ем дом көрсетіп жатыр. Жалпы, Арыс қаласынан 45 мыңнан астам адам эвакуациялануы тиіс.  Олардың көпшілігі үй жайларын тастап, төңіректегі төбелерді, жыра-қалтарыстарды паналап кеткен. Қыр басында көмек күтіп отырғандар көп. Арнайы жасақталған топ таңертеңнен бері  қала тұрғындарын апат орындарынан шығарып үлгере алмай жатыр. Таңертең ең алғашқы лекпен балалар бақшасының тәрбиленушілері арнайы көлікпен Шымкент қаласына жөнелтілді. Олар орталық мешіт, орта мектеп ғимараттарына жайғастырылды.  Көпшлік оларға су, тамақ апарып, қолдан келген көмегін беріп жатыр. Таңертеңнен бері қала төңірегін тұтастай әскерилер мен полиция күзетіп тұр. Ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Қару жарақ пен оқ-дәрі сақтайтын қоймада тұтанған өрттен жойқын жарылыстар әлі де жалғасуда.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар