ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

18:52, 12 тамыз 2019

Облыста жас кәсіпкерлер көбеюде. Бүгін 300-ден астам жас бизнес-жобаларын қорғап, идеяларын ортаға салды. Алдағы уақытта олар өңірде қызмет көрсету, өндіріс, агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытпақ. "Жас кәсіпкер" жобасының қатысушыларының бірі- Гүлден Разақованың бизнес-жоспары өзгелерден ерекше. Ол тігіншіліктің күрделі түрімен айналысады. Қазіргі заманғы 3Д деп аталатын ою-өрнектерден терезе жапқыштардың сан алуан түрлері мен әйелдер көйлегін тігеді. Шебер қыздың өз тұтынушылары бар, алайда шеберханасының жоқтығы қиыншылық туғызып тұр,- дейді.   Бұл жобаға облыстан 600 жас қатысқан. Оның 300-ден астамы бүгін өз бизнес-жобаларын қорғады. Халыққа аса қажетті тың идеяларды жүзеге асыруға мемлекет қолдау білдіреді. Әр жобаға қайтарымсыз 505 мың теңге көлемінде грант немесе стартап жобасын бастауға 6 пайыздық жеңілделтілген несие беріледі.   Жас кәсіпкерлерге "Атамекен" ҰК-лер палатасының бизнес-тренерлері екі апта бойы бизнесті бастау жолдарын үйретеді. Аталмыш жобаға 18-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Бүгін жобаның алғашқы тобы оқуды аяқтап, жобаларын қорғады. Екінші кезең 15-ші тамызда басталады. Облыс бойынша жыл соңына дейін мамандар 1100 адамды оқытуды жоспарлап отыр. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...