ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

17:37, 5 желтоқсан 2018

Дүниежүзілік банк жариялаған "жас проджект" жобасына қатысып, жеңімпаз атанғандардың арасында ырғыздық жастар да бар. Нәтижесінде бүгінгі күні 8 үміткер бір млн теңгеден гранттар ұтып, кәсібін бастады. Жалпы, аудандағы жас кәсіпкерлерге қолдау мол.

Азамат Есенаманов биыл жеке іс бастаған аудандағы жастардың бірі. Көптен бері кәсіпкер болуды армандағанымен, алғашқы жарнаны қайдан табарын білмей бас қатырған еді. Енді "жас проджект" жобасынан грант ұтып, қуанышы қойнына сыймай жүр. Байқауға мүгедек жандарды тегін тасымалдау қызметін ұсыну туралы жоба берген. Нәтижесінде, жеңімпаз атанып, 1 млн теңге ұтып алды.    

Гүлсая Ақтабаева да жас кәсіпкер. Жуырда аудан орталығынан бірнеше қабатты заманауи үлгідегі кафені тұрғызды. Бес адамды жұмысқа алды. Мұнда келетін әр мейманға ұлттық және европалық ас мәзірлерінен түрлі тағамдар ұсынылады. Ғимаратта бір мезгілде 160 адамға қызмет көрсетіледі. 26 жастағы Гүлсая үшін бұл үлкен жетістік. Дегенмен, кәсіпкер бұнымен тоқтамақ емес. Алдағы уақытта бизнесті кеңесту жоспары бар. 

Бүгінгі күні ауданда 3800-ден астам жас болса, оның 91 кәсіп ашып ісін дөңгелетіп отыр. Қажет болса, қолдау да көрсетеміз дейді әкімдік қызметкерлері.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...