ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

«ZHAS PROJECT» ЖАСТАРҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

19:20, 10 қаңтар 2019

«Zhas project» облыс жастарына мол мүмкіндік берді. Республика аумағында өткен конкурсқа өткен жылы өңірден 445 жоба жолданды.  Оның 165-і әлеуметтік жоба грантын иеленді. Дені ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениетті дамыту мен білім беру, қызмет көрсету бағыттары. Әр қайсысы бизнес әліппесін үйреніп, 1 миллион теңгенің грантын ұтты. Шаруалары бір ізге түскенше жауапты ұйымдар қолдау көрсетіп келеді. Іс бастаған жастардың жайы қалай?

Еткішілік Нұрсипаттың ата кәсібі. Біз ұстап, былғары тігуді анасынан үйреніпті. Медицина колледжінде оқитын Нұрсипат отбасылық кәсіпті жалғастыруды ойлайды. Қаражат қолбайлау болып, өткен жазда «жас проджект» жобасында бақ сынап көрді. Нұрсипаттың бизнес жоспары қолдау тауып,  шеберхана ашты. Ісін одан әрі дамытуды көздеп отыр. 

Бұл жобаға Айдана Бақтыбаев да қатысқан. Ол өз білімін өзгелермен бөлісуді жөн көріп, ағылшын тілін үйрету орталығын ашқан.  Қазір мұнда 8-12 жас аралығындағы 20 оқушы бар.Тіл үйренуге ынталылардың бірі- Әділжан.  Өйткені оның болашаққа жоспары зор.

Айдана «Жас проджект» жобасының шарты бойынша 1 миллион теңге грантты екі бөліп алды. Қаражаттың алғашқы бөлігіне ғимаратты жалға алады. Оқушыларды жинап, іске кірісіп кетті.   Екінші бөлігіне құрл-жабдықтар алды. Айдананың ендігі мақсаты тіл үйрену курстарын дамыту.

Жоба аясындағы Ақтөбе облысы бойынша 165 әлеуметтік жоба грантқа ие болды. Жобалардың негізгі бағыттары білім беру, мәдени орталықтары, ауыл шаруашылығын дамыту жобалары бар. Спорттық алаңдарды көбейтіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздейтін жастар да көп.

Азамат ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...