ШҰҒЫЛ! Ақтөбе облысы көш бастап тұр Толығырақ

Жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр

19:16, 11 қаңтар 2018

Жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр. Бүгін қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында ішкі істер басқармасының 2017 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Сонымен бірге,тәртіп сақшыларының арасында тіркелген  сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы айтылды.   

Ақтөбе қаласы бойынша қылмыстық ахуал қалыпты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, құқықбұзу 21 пайызға төмендеген. Алдын алу шаралары арқасында ауыр қылмысты тіркеу азайған. Десекте, жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр.

Жиын барысында белгілі болғаны, ішкі істер  саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстары да артқан.  Негізінен пара алу және қызметін асыра пайдалану деректері жиілеген.

СЕРІК ӘЛІПОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ

-  Елбасы  Жолдауында міндеттеген негізгі тапсырманың бірі - ол сыбайлас жемқорлықпен күресті  күшейту. Бүгінгі жиын кезінде депуттар, қоғамдық кеңестің мүшелері осы кеселмен күресу жөнінде өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстар жасайды. Жемқорлықты  жеңу оңай емес, онымен тек бірлесіп күресуіміз қажет. Ішкі істер саласында қала бойынша 5 сыбайластық  қылмыс тіркелген

Баяндама жасаған қалалық ішкі істер басқрамасының  бастығына мәслихат депуттары сұрақтар қойды. Мәселен, Ақжар-2 ауылында салынып біткен мешіт төңірегінде тұрғындарды алаңдатып отырған жайт бар.

ІЛИЯС ИСПАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Ол мешіт дәстүрлі дінімізді ұстанады.  Құжаттар әділет департаментіне  тіркеуден өту үшін тапсырылды. Келесі аптада облыстың бас имамы ресми түрде мешітті ашады деп жоспарланды. Жаңа мешіт имамының кандидатурасы діни басқармаға  ұсынылды

Жиынға қатысқан сала ардагерлерінің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуда  жұмылу қажет. Осы ретте, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмысы сынға ілікті. 

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
19:28, 23 қаңтар 2018
Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
14:17, 18 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
Толығырақ...