ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ЖАСТАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

20:44, 20 наурыз 2019

Осы жастар кеңесінің отырысы салтанатты шараға ұласты.  Облыс әкімі қазақстан мұнай жабдықтары зауытына жиналған ақтөбелік жастарға пәтер кілттерін табыс етті. 
     
Қуанышты сәт, ду қол шапалақ, жүректің толқуы... Бүгін облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алған Айтолқын осындай сезімді бастан кешірді. Ол нөмірі алтыншы емхананың онколог дәрігері. Жас отбасымыз, біз үшін баспана арман болатын дейді. 

Ия Елбасына рахмет. Жастар жылында Ұлткөшбасшысының көрегендігімен өмірге келген өміршең жоба пәтерде жүрген көп жастың көсегесін көгертті. Олардың бірі мұғалім, бірі дәрігер, енді бірі полиция, өрт сөндіруші де бар. 

Жас мамандар баспананы кейін сатып алу құқығымен жалға алды. Жалға алу мерзімі 6 жыл. Банкпен шартқа тұрып, біртіндеп сатып алады.  

Бүгін берілген 50 пәтер, 50 жастың арманы болатын. Олар бұл жақсылықты Ұлыс күніндегі ұлы іс деп қабылдады.
 

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...