ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19:12, 17 қаңтар 2019

Ақтөбелік жастардың баспаналы болуына жағдай жасалмақ. Жастар жылы аясында жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленді. Жалдамалы пәтердің алғашқы жарнасы да көп емес, жеңілдіктер де қарастырылған. Кейін түгел сатып алуға болады,-деді  баспасөз конференцияда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов. Бұл Қазақстан бойынша қанатқақты бағдарлама болмақ.

Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі облыс тұрғындары қатысады. Алғашқы жарна орташа есеппен 350 мың теңге. Оған 40-50 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтер алуға болады.

Бұл бағдарламаға тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары қатыса алады. Жалдамалы пәтерге пайыз қосылмайды. Қарджы жиналғанша қолайлы. Баспана "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданындағы 3  және 9 қабатты үйлерден беріледі.

Баспаналы болу басымдығы әлеуметтік салада еңбек ететін жастарға берілмек. Басты талаптың бірі - баспанаға үміткердің төлем қабілеті

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 150 пәтер иесі жақын күндері белгілі болады. Жастар мен жас отбасылардың баспаналы болуы үшін өңір басшысы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Қалалық әкімдік пен жастар басқармасымен бірлескен қанатқақты жоба өзге өңірлерге де үлгі болмақ. 

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...