ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАСТАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

19:05, 11 шілде 2019

Жастар - еліміздің болашағы. Бүгін мүгедектер қоғамының құрамындағы жастар облыстық мәдениет саласының басшылығымен кездесті. Қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының "Стимул плюс" жастар қанаты мүшелері жағымды жаңалықтармен де бөлісті.Ерік Ибрагимов "Стимул плюс" жастар тобының мүшесі. Өткен жылы облыста жүзеге асырылған "Jas Project" жобасының жеңімпазы. Жобадан ұтқан бір миллион теңгеге ол өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жастарға арнап шығармашылық студиясын ашқан. Қажетті құрал жабдықтар алып, өнерлі қыз-жігіттерді ән айтуға баулып келеді. Өзі заңгер. Ән айтқанды жаны сүйеді.  Қоғамдық бірлестікте 30-ға жуық өнерлі жас бар. Олар жыл сайын облыста өтетін байқауларға белсене қатысады. Кездесуде мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев жақсы жаңалықтардың жаршысы болған жастарға алғыс айтып, ұсыныстарын тыңдады.Өз кезегінде мәдениет саласының басшысы биылғы жастар жылында олардың қатысуымен өтетін іс-шараларды тізбектеп, белсенділік танытам дегендерді қуана қарсы алатынын айтты. Қазір "Стимул плюс" мүшелері күзде өтетін облыстық "Екі жұлдыз" байқауына қызу дайындық үстінде.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар