ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!

18:39, 11 қаңтар 2019

Ақтөбе медицина колледжінің студенттері "Саналы ұрпақ" жобасы аясында қолға алынған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетаны қолдады. Болашақ дәрігерлер бір апта бойы  жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, колледж жанынан "Адалдық дүкенін" ашқан.

Жемқорлықты жоюдың жолдарын жастар  пікірталас алаңында талқылады. Қоғам дертіне жол бермейміз деп қолтаңбаларын қойды. Тақырыпқа сай қабырға газеттерін шығарды. Апта бойы дәрістер, флеш-моб сияқты бірқатар шара ұйымдастырылды. "Саналы ұрпақ" жобасы аясында сессия кезінде пара беру фактілеріне түбегейлі  тосқауыл қойылмақшы.

Акция аясында колледж жанынан " адалдық дүкені" ашылды. Студенттер  күнделікті сабаққа  керек-жарағын сатушысы жоқ дүкеннен сатып алады. Осылайша, жастарды адалдыққа тәрбиелеп, жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру көзделуде.

Болашақ дәрігерлер эстафета жалауын Бизнес және Құрылыс колледжінің студенттеріне табыстады. Бүгінгі күнге дейін осындай шара өңірдегі 14 оқу орнын қамтыды.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...