ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМДЫ ТАҢДАЙДЫ

17:59, 9 қазан 2019


Азаматтық қоғам, жарқын болашақ - жемқорлықты жоюдан басталады.  Бұл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде ашық есік күніне келген жастардың пікірі. Олардың ойынша, кемел болашақ - пара беруден бас тарту, елге адал қызмет ету.  Шараға студенттер мен "Парасат" мектебінің тыңдаушылары қатысты. Жастарға департамент мамандары ең алдымен тергеу изоляторының бөлмесін көрсетті. Қызметкерлер қылмысты қалай ашатындарын түсіндірді. Күдіктіден жауап алу барысын айтты. Студенттер сұрақтарын қойып, осы салаға бет бұрғысы келетіндерін де жасырмады. Бүгінгі ашық есік күнінің мақсаты да осы. Мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру, жауапкершілікті ұғындыру,-дейді мамандар. Ашық есік күніне келген жастардың дені "Парасат" мектебі тыңдаушылары. Мектеп биыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен   құрылды.Құрамында жоғары оқу орындарында оқып жүрген 60 студент бар. Қылмыстың өтеуі - жаза. Жемқорлыққа жол бергендердің барар жері темір тор, суық камера. Жастар экскурссиядан осындай ой түйді. Пара беру - барлық қорлықтың бастауы екенін ұқты.

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...