ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР

16:47, 20 сәуір 2018

Ақтөбелік жастардың бір млн теңгеге дейін грант ұтып алуына мүмкіндігі бар. Ол үшін өмірлік маңызға ие және көпшілікке шарапаты тиетін жобалар ұсынуы қажет. Мұндай байқауды еліміздің білім және ғылым министрлігі мен дүниежүзілік банк бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.

Жастар бастамасын қолдауға арналған жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы кез-келген үміткер қатыса алады. Ол үшін байқау ұйымдастырушылардың ресми сайтында тіркеліп, өз өтініштерін жолдауы қажет. 

Байқауға қатысушылардың жобасын арнайы тағайындалатын топ сараптайтын болады. Бірақ әр қайсысының ерекшелігі, маңыздылығы ескеріледі дейді ұйымдастырушылар. Жұмыссыз үміткерлерге және әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне басымдық берілетін болады.

Байқауда жеңіске жеткен үміткерге бір млн теңге көлемінде грант берілетін болады. Әрі үздік деп танылған жобасын іске асыру үшін тәжірибелі менторлардың да қолдауы көрсетіледі.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР ҚЫЛМЫСЫ ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
19:56, 22 қаңтар 2019
ЖАСТАР ҚЫЛМЫСЫ ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - ПАРЫЗ
18:27, 22 қаңтар 2019
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - ПАРЫЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...