ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАСТАР ЖЫЛЫ БАСТАЛДЫ

17:49, 11 қаңтар 2019

Барлық еңбек ұжымында жастар комитеттері құрылуы тиіс. Жастардың жұмыссыздары жұмысқа орналастырылып, студенттер мен мектеп, колледж оқушыларының тәртібі қатаң бақылауға алынады. Бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Жастар жылы облыста жасалатын жұмыстар талқыланды. Жастар ұйымдарының төрағалары, қоғамдық бірлестіктер мен колледждердің директорлары осы жиынға қатысты

Мағжанша айтсақ, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарға сенген Елбасы биыл Қазақстанда Жастар жылын жария етті. Ал Ақтөбе үшін бұл айдарлы жыл шаһардың 150 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келгенімен ерекше. Батыстың қақпасында батыр ұлдарды туғызған өлкенің жастар жылын жалынды етіп өткізуге, нақты істерімен үлгі болуға әлеуеті жетеді. Облыс әкімі Ақтөбенің жастары білімі мен ілімі кем емес, сондықтан, осы заманның бар мүмкіндігін пайдалану керек деді.

Облыста 14 пен 29 аралығында 210 мың жас бар. Оның 58 мыңы - студент. Төрт жарым мың адам жатақханада тұрады. Тағы да 500 студентке арналған жатақханалар салумен екі оқу орны айналысып жатыр. Өткен жылы 460 түлек дипломмен ауылға аттанған. Жалпы жастардың 2940-ы жұмыссыз. Оның ішінде 7,9 пайызы 12 мүшесі сау болғанына қарамастан, еш жерде оқымайды, жұмыс істемейді. Қазір оларды да қоғамға тартуға арналған шаралар бар. 

Жалқаулық, жұмыссыздық, тәрбиенің осалдығы қылмыстың артуына алып келетіні бекер емес. Қаңтар айының алғашқы он күніндегі түнгі рейдтер кезінде 20 жасөспірім ойын-сауық орындарынан ұсталған. Түнгі клубтарда төбелесетін сауықшыл жастар, оқушы қыз балалардың жүкті болуы туралы деректер әлеуметтік желілерде қаптап тұр. Бұл қоғамды алаңдатады деді облыс әкімі.

Облыс әкімі "Жүректен жүрекке" еріктілер ұйымының қайырымды істерін жоғары бағалады. Олардың жұмысын әр ауданда құрылған жастар ресурстық орталықтарына үлгі етті. Жастардың бойында ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиені қалыптастыру ісіне аға буынды үлес қосуға шақырды.

Жиын барысында Жастар жылын тиімді өткізу туралы бірқатар ұсыныс-тілектер айтылды. Оның ішінде өндіріс орындарының нақты тәжірибелері, кәсіпке үйрету арқылы жұмыссыздық мәселесін шешу сияқты ұсыныстар болды. Тәртіпті бақылау үшін рейдтерді үзбеу, ата-аналарға баласының тәртібі туралы хат жолдау, айыппұл салу сияқты шаралар да назарда болуы тиіс. Облыс әкімі әр еңбек ұжымында жастар комитеттері құрылсын деп тапсырды. Ол сөз қорытындысында биылғы жыл нақты істердің үлгісі болуы керек деді.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...