ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАР

19:53, 7 ақпан 2019

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары. Сондай-ақ, олар бизнеспен айналысуға да құлықсыз. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде жауап бергендердің 51%-ы кәсіпкерлік саласы қызықтырмайтынын айтқан. Не себепті? Бұл сауалға Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жағдай жасамай отырған өзімізден шығар,-деді. Бірақ биыл олқылықтар оңалады. Жастар жылында, әр өңірде саны 100 мың адамға дейінгі "Жас кәсіпкер" бағдардарламасы әзірленеді. Яғни, бұл озық идеяларын жүзеге асырғысы келетіндерге зор мүмкіндік. Сондай-ақ, туризм мен қонақ үй бизнесі факультеттерін көптеп ашу жоспарланып отыр. Жалпы, жастарды алаңдататын 4 негізгі мәселе бойынша жұмыс жүргізілмек. Бұлар -- берік отбасы, сапалы білім, тұрғын үй және тұрақты әрі мансапты қызмет.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

- Жастарды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша назар аударылады. Әлеуметтік зерттеулер бойынша еліміздегі жастардың 40%-ға жуығы тұрақты түрде жұмысқа орналасуда проблемаға жолығады. Дегенмен жастар арасындағы жұмыссыздық әлемдегі өткір мәселе. Соңғы деректерге сүйенсек  жастардың жұмыссыздық деңгейі 13%-ды  құрады, ал кей елдерде 40%-ға  жеткен. БҰҰ әлемдегі әрбір бесінші жас оқымайды және жұмыс істемейді,-деген факті келтірді. Ал осы мәселені шешудің негізгі жолы шағын және орта бизнес саласы.

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...