ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ БАР

20:23, 12 ақпан 2020

  Волонтер жылында өңірде ауқымды  жобалар жүзеге асады. Еріктілердің  санын 2500 адамға дейін арттырып, волонтерлер қызметін  үйлестіруге аса мән беріледі.  Облыс әкімінің грантын  алып,  20-дан астам жас --- кәсіпкер болуға мүмкіндік алады. Жастардың  бизнес-жобаларына қолдау бар.  Өңір тұрғындарының 23 пайызы жастар. Оларды  жұмыспен қамту - күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Былтыр 17 мыңнан аса жас тұрақты жұмысқа орналастырылған.  Жастар баспанамен қамтылды. "Бизнес бастау", "Жас кәсіпкер" жобалары оң нәтиже беріп, 2 мыңнан аса жас жеке кәсіп ашу мүмкіндігіне ие болды.  Жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру үшін арнайы мобильді топ жұмыс істейді. Басты мақсат - жұмыссыздарды еңбекке араластыру. Өңірде тың бастамаларға қолдау бар. Біздің жастарымыздың әлеуеті зор деді аймақ басшысы.  Биыл - Еріктілер жылы. Еліміздегі волонтерлердің 90 пайызын жастар құрайды. Өңірде олардың қатарын арттыру мақсатында ортақ база құрылады. Еріктілерді даярлайтын оқу орталықтары ашылады. 
Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...