ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖАСТАРҒА ЖЫЛ САЙЫН 1 МЫҢ ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

18:57, 3 шілде 2019

ЖАСТАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРЛЕРГЕ ӨТІНІШ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНА БАСТАЙДЫ.

Бұл туралы бүгін жастар жылына арнайы әзірленген Жол картасының іске асыру барысын баяндаған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова айтты. Мәліметке сәйкес, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 1 мың пәтер беріледі. Бірақ, оны ешкім сатып ала алмайды. Жас отбасы аяғынан тұрып кеткенше, айына 12 мың теңгеден төлеп жалдамалы пәтерді паналайды. Осы уақытта олар жеке пәтер сатып алатындай қаржы жинауы тиіс: тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен есепшот ашып, мемлекеттік бағдарламаға қатысады. Жалдамалы пәтерге тұрудың басты шарты да осы. Қажетті соманы жинаған жас отбасы пәтерді босатады. Себебі, бұл пәтерлер 3 жылдан 5 жылға дейін және 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға берілмек. 

ЖҰЛДЫЗ ОМАРБЕКОВА

ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

- Жалдамалы пәтерге қабылданатын өтініштердің ережелері тамыздың 1-де біздің сайтымызда жарияланады. 29 жасқа дейінгі жастардың ата-анасы жарымжан болса немесе баласы мүгедек болса, оларға қосымша жеңілдіктер қарастырылады. Қазір, жалдамалы пәтерде тұрудың уақыты 3 жылдан 5 жылға дейін деп отырмыз. Бірақ, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де министрліктермен бұл мәселе тағы пысықталады.

ЕРІКТІЛЕР ҚЫЗМЕТІ - ЕРЕКШЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Сондай-ақ, қыркүйектің бірінен бастап волонтерлықпен айналысуға ниетті жастарға арналған тың жоба басталады. Арнайы тіркеуден өтіп, мамандығына жақын бағытты таңдаған студентке ваучер беріледі. Еріктілер таңдауына ваучердің екі кредитті және бес кредитті екі түрі ұсынылады. Біріншісі бойынша, ерікті істеген ісіне сәйкес 20 мың теңге алады. Ал, бес кредиттік бағдарламада жұмыстың көлемі де, қаржы сомасы да молырақ болмақ. Студенттер осы ваучер арқылы өздерінің оқу ақыларын төлей алады. Айта кетейік, аталған жоба 50 мың студентті қамтымақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...