ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ

21:30, 4 желтоқсан 2019

 Жергілікті атқарушы органдар берілген тапсырманы дер кезінде орындамай отыр. Сандарды сөйлетсек 11-30 қараша аралығында облыс әкімі құзырлы басқарма басшыларына 391 тапсырма жүктеген. Алайда, оның 30-ға жуығы атқарылмай, тапсырма күйінде қалған. Бүгін аймақ басшысы Оңдасын Оразалин осы мәселелерге қатысты жауапты мамандарға ескерту жасап, жұмыстан босатылатынын ескертті.

Облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тиісті деңгейде іске асыра алмай отыр. Әкім тапсырмасы  дұрыс орындалмаған. Сонымен қатар, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін тиісті ұсыныс енгізу тапсырылған. Алайда, экономика басқармасы тың жоба, идеяны ортаға салмады. Әлі де үнсіз отыр. Кәсіпкерлік басқармасында да орындалмаған жұмыстар жетерлік.

Жауапты басшы тапсырма орындалмағанын мойындап, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннен сөз естіді. ¤Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин де ауыл шаруашылығы саласындағы олқылықтарды тізбектеп берді.  ¤Құрылыс басқармасы да көзге түсті. Жауапты орган Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесіп, ІТ-орталық нысандары мен жеңіл атлетикалық манежі құрылысының жүргізілуіне, ғимараттардың инженерлік желілерінің қамтамасыз етілуіне және іргелес жатқан аумақты абаттандыруға бақылау жасауды қамтамасыз ету қажет болған. Бұл тапсырманың да нәтижесі жоқ болып шықты. Облыс әкімі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Иманалиге осы жұмыстарды пысықтап, қолға алуды тапсырды.

Облыс әкімінің жұмыс сапарлары мен кеңес қорытындылары кезінде берілген 118 тапсырманың 12-сі де орындалмаған. Тапсырмалардың орындалуына атүсті қараған басқарма басшылары мен облыс әкімінің орынбасарларына, бүгінгі жиналыста төбе көрсетпеген басшыларға түгел ескерту жасалды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СТАРТОВАЛ  ПЯТЫЙ  СЕЗОН  ШКОЛЫ  ГОССЛУЖАЩИХ  "МАНСАП"
20:03, 22 қаңтар 2020
СТАРТОВАЛ ПЯТЫЙ СЕЗОН ШКОЛЫ ГОССЛУЖАЩИХ "МАНСАП"
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар